«Медициналық қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламентін бекіту туралы (2014.16.10. берілген толықтырулармен)
Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қазандағы № А-11/494 Қаулысымен күші жойылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған «Медициналық қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламенті бекітілсін. 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары Д.З.Әділбековке жүктелсін. 3. Осы облыс әкімдігінің қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап 10 күнтізбелік күн аяқталған соң, алайда «Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 141 қаулысының қолданысқа енгізілгенінен кейін қолданысқа енгізіледі.
2014 жылғы 20 наурыздағы № А-3/99 қаулысымен бекітілді
«Медициналық қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Медициналық қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) мемлекеттік көрсетілетін қызмет жергілікті атқару органдарымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызмет беруші) немесе халыққа қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі - Орталық), сондай-ақ «электрондық үкімет» веб-порталы www.e.gov.kz және (немесе) www.elicense.kz мекенжайы бойынша «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі - ЭҮП) арқылы көрсетіледі. 2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|