Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 9 қыркүйектегі № 3/539 Қаулысымен күші жойылды Алматы қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 2/236 қаулысымен бекітілген
Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. «Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімі арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну мерзімдері көрсетілген құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдар тәртібінің сипаттамасы
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 217 қаулысымен бекітілген «Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет Стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 9 тармағында қарастырылған көрсетілетін қызметті алушыдан алынған мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін өтініш пен тиісті құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) бастауының негізі болып табылады. 5. Мемлекеттік қызмет көрсету барысының құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар): 1) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлім маманының құжаттарды қабылдауы және өтінішті тіркеуі; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|