Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 мамырдағы № 728 Қаулысы
(2010.23.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2014 жылғы 9 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 15 мамырдағы
№ 728 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қыркүйектегі № 1376 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж, № 40, 455-құжат):
1-тармақта:
Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Түсіпбеков Рашид Төлеутайұлы | - Қазақстан Республикасының Әділет министрі, төраға |
Сәдуақасова Елдана Мәкенқызы | - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі |
Нұрымбетов Біржан Бидайбекұлы | - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі |
Саванков Александр Михайлович | - Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министрі |
Дәулеталин Сатыбалды Телағысұлы | - Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің Аппарат Басшысының орынбасары (келісім бойынша) |
Байжанов Ғабит Жақыпбайұлы | - Қазақстан Республикасы «Сырбар» сыртқы барлау қызметі директорының бірінші орынбасары (келісім бойынша) |
мына:
«Қуанғанов Фархад Шаймұратұлы | - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі» |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Қуанғанов Фархад Шаймұратұлы | - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы»; |
көрсетілген құрамнан Балиева Зағипа Яхияқызы, Бірәлиев Әлжан Хамидоллаұлы, Бекбаев Ерзат Зейноллаұлы, Ахметов Қабдығали, Әбденов Серік Сақбалдыұлы, Федоров Олег Анатольевич, Тілеухан Нәркес Түлекқызы шығарылсын.
2. ҚР Үкіметінің 2010.23.06. № 632 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
3. ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 29 қазандағы № 1707 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
4. ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 29 қазандағы № 1707 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
5. «Қолданыстағы заңнаманы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлігінде жетілдіру мәселелері жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 наурыздағы № 193 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 8, 92-құжат):
көрсетілген қаулыға қосымшада:
Қолданыстағы заңнаманы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлігінде жетілдіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Түсіпбеков Рашид Төлеутайұлы | - Қазақстан Республикасының Әділет министрі, төраға |
Лукин Андрей Иванович | - Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының орынбасары, төрағаның орынбасары (келісім бойынша) |
Темірболатов Серік Ғабдоллаұлы | - Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша) |
Тұрмағамбетов Мәжит Әбдіхалықұлы | - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі |
Білісбеков Нұрғали Дәулетбекұлы | - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісім бойынша) |
Нұрымбетов Біржан Бидайбекұлы | - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі |
Дәулеталин Сатыбалды Телағысұлы | - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аппарат Басшысының орынбасары (келісім бойынша) |
Рахметов Саттар Мұқанұлы | - Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Қаржы полициясы академиясының Ғылыми-зерттеу орталығы және адъюнктура бастығы, заң ғылымдарының докторы, профессор (келісім бойынша) |
Баймаханов Мұрат Тәжімұратұлы | - «Қазақ гуманитарлық заң университеті» акционерлік қоғамы Ғылыми сараптама және талдау институтының директоры, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі (келісім бойынша) |
Бабушкин Михаил Федорович | - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы (отставкада) (келісім бойынша) |
мына:
«Қуанғанов Фархад Шаймұратұлы | - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі» |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Қуанғанов Фархад Шаймұратұлы | - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы»; |
көрсетілген құрамнан Балиева Зағипа Яхияқызы, Қожамжаров Қайрат Пернешұлы, Баймағамбетова Бағила Бірмағамбетқызы, Ахметов Қабдығали, Сәрсембаев Зейнолла Сәкенұлы, Бишеғаев Асқар Дарұшұлы, Бекбаев Ерзат Зейноллаұлы, Байжанов Нұрсейіт Әбсаттарұлы, Шаяхметов Әділ Шаяхметұлы,; Әбденов Серік Сақбалдыұлы, Тілеухан Нәркес Түлекқызы шығарылсын.