Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 сәуірдегі № 427 Қаулысы
(2015.16.07. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2014 жылғы 30 сәуірдегі
№ 427 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтырулар
1. ҚР Үкіметінің 2015.24.06. № 479 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. ҚР Үкіметінің 2014.24.09. № 1011 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
3.«Концессия мәселелері жөнінде мамандандырылған ұйым құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 шілдедегі № 693 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 33, 343-құжат):
2-тармақта:
2) тармақша алынып тасталсын;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) концессиялық жобалардың іске асырылуын бағалау;»;
11), 12) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«11) бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын бағалау;
12) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың іске асырылуын бағалау;»;
13) тармақша алынып тасталсын;