ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 935 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 17 мамырдағы № 505 қаулысымен бекітілген
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. «Прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін беру: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы; 2) Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚО) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 1) құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап: көрсетілетін қызметті берушіге - 1 жұмыс күнінен аспайды; Астана қаласында орналасқан ХҚО - 3 (үш) жұмыс күні; өзге ХҚО - күнтізбелік 30 (отыз) күн; 2) құжаттар топтамасын тапсырған кезде кезекте күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут; 3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут. 5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде. 6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - тұлғаның қолының шынайылығын куәландыратын және оның өкілеттілігін, сондай-ақ осы құжат бекітілген мөрдің немесе мөртаңбаның шынайылығын растайтын арнайы мөртаңба апостиль қойылған құжат. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|