|
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 7 қыркүйектегі № 754 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 22 мамырдағы № 533 қаулысымен бекітілген
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты «Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын тамақ өнімдерін өндіру объектілеріне есептік нөмірлер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін қараңыз
1. Жалпы ережелер
1. «Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын тамақ өнімдерін өндіру объектілеріне есептік нөмірлер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті Агенттік және оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы; 2) www.e.gov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: 1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде - 16 (он алты) жұмыс күні ішінде; 2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут. 5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. 6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектісіне есептік нөмір беру туралы тізілімнен үзінді көшірме. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|