Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 19 қазандағы № А-10/471 Қаулысымен күші жойылды
Ақмола облысы әкімдігінің
2014 жылғы 10 сәуірдегі
№ А-4/130 қаулысымен бекітілді
«Мүгедектерді санаторлы-курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшін оларға құжаттарды ресімдеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2015.05.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Жалпы ережелер
1. «Мүгедектерді санаторлы-курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: қағаз.
3. Мүгедектерге санаторлы-курорттық емдеуді ұсыну мерзімдерін көрсету арқылы құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама (бұдан әрі - хабарлама) көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 217 қаулысымен бекітілген «Мүгедектерді санаторлы-курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды қабылдайды - 15 минут. Нәтижесі - тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы құжаттармен танысады - 15 минут. Нәтижесі - орындау үшін жауапты орындаушыны белгілеу;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттардың толықтығын тексереді - 9 жұмыс күні. Нәтижесі - хабарламаны дайындау;