Қызылорда облысы әкімдігінің 2014 жылғы 8 сәуірдегі № 540 қаулысымен бекітілген
Қызылорда облыстық әкімдігінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 759 Қаулысымен күші жойылды
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: облыстың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары ( «Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі, аудандардың, облыстық маңызы бар қаланың ауыл шаруашылығы бөлімдері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші)). Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру: 1) көрсетілетін қызметті беруші; 2) www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. 3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижелері: 1) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда - мемлекеттік техникалық байқаудан өткені туралы талонды (бұдан әрі - талон) (талонның телнұсқасын) бере отырып, тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу; 2) порталда - құжаттарды қарауға қабылдау туралы хабарлама. 4. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|