Павлодар облыстық әкімдігінің 2015 жылғы 28 шілдедегі № 222/8 Қаулысымен күші жойылды
Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 24 сәуірдегі № 136/4 қаулысымен бекітілді
«Үйде оқитын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (2014.26.08. берілген толықтырулармен)
1. «Үйде оқитын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес облыстық маңызы бар қалалар мен аудандардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Сондай-ақ мемлекеттік қызмет: Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚО); www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетіледі. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі үйде оқитын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды (бұдан әрі - материалдық қамсыздандыру) тағайындау туралы хабарлама болып табылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
1. Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіздеме: 1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 217 қаулысымен бекітілген «Үйде оқитын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш; 2) көрсетілетін қызметті алушының, заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжат; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|