Мүгедектердің құқықтары туралы конвенция
ҚР 2015 жылғы 20 ақпандағы № 288-V Заңымен ратификацияланды 2015 жылғы 21 мамырда күшіне енді
Бас Ассамблея, Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы барлық мүше мемлекеттер мен бақылаушылардың қатысуы үшін ашық, мүгедектердің құқықтары мен қадір-қасиеттерін көтермелеу және қорғау туралы жан-жақты және бірыңғай халықаралық конвенцияға қатысты ұсыныстарды әлеуметтік даму, адам құқықтары және кемсітпеу саласындағы жұмысқа кешенді көзқарас негізінде және Адам құқықтары жөніндегі комиссия мен Әлеуметтік даму комиссиясының ұсынымдарын ескере отырып қарау үшін Арнайы комитет құруға қаулы еткен өзінің 2001 жылғы 19 желтоқсандағы 56/168 қарарына сілтеме жасай отырып, сондай-ақ өзінің бұрынғы тиісті қарарларына, оның соңғысы 2005 жылғы 23 желтоқсандағы 60/232 қарарына, сондай-ақ Әлеуметтік даму комиссиясы мен Адам құқықтары жөніндегі комиссияның тиісті қарарларына сілтеме жасай отырып, Арнайы комитеттің жұмысына үкіметаралық және үкіметтік емес ұйымдардың және ұлттық құқық қорғау мекемелерінің қосқан құнды үлесін құптай отырып, 1. Арнайы комитетке Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияның жобасын және оған факультативтік хаттаманың жобасын әзірлеуді аяқтағаны үшін ризашылығын білдіреді; 2. осы қарарға қоса берілген Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны және Конвенцияға Факультативтік хаттаманы қабылдайды, олар 2007 жылғы 30 наурыздан бастап Нью-Йоркте Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық мекемелерінде қол қою үшін ашық болады; 3. мемлекеттерді Конвенция мен Факультативтік хаттамаға қол қою және оларды ратификациялау туралы мәселені бірінші кезекті тәртіппен қарауға үндейді және олар жақын арада күшіне енеді деп үміттенеді; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|