Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Корея Республикасының Үкіметі арасындағы Корея Республикасындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының және Қазақстан Республикасындағы Корея Республикасы азаматтарының ішкі корпоративтік ауысулар шеңберіндегі уақытша еңбек қызметі туралы (2014.19.09. берілген өзгерістермен)
ҚР 2016 жылғы 29 наурыздағы № 478-V Заңымен ратификацияланды 2016 жылғы 8 сәуірде күшіне енді
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Корея Республикасының Үкіметі (бұдан әрі Тараптар деп аталатын), екі мемлекет арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтуға және дамытуға өзара ұмтылысты басшылыққа ала отырып, бір мемлекет азаматтарының басқа мемлекет аумағындағы ішкі корпоративтік ауысулар шеңберіндегі уақытша еңбек қызметін ынтымақтастықтың перспективалы саласы ретінде қарастыра отырып, төмендегілер туралы келісті:
1. Осы Келісім ішкі корпоративтік ауысулар шеңберінде осы Келісімнің 3-бабында көрсетілген бір мемлекет азаматтарының басқа мемлекет аумағындағы уақытша еңбек қызметі мәселелерін реттейді. 2. Осы Келісім шетелдіктердің болуы үшін жабық, сондай-ақ шетел азаматтарының оларға келуі, орналасуы және (немесе) олар арқылы өтуі үшін аталған мемлекеттердің ұлттық заңнамаларына сәйкес арнайы рұқсат талап етілетін жекелеген жерлерді (аумақтарды), ұйымдар мен объектілерді (олар бар болса) қоспағанда, мемлекеттер аумағында қолданылады.
Осы Келісімде пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен терминдер: 1. Ішкі корпоративтік ауысу - бір мемлекеттің, осы мемлекеттің заңды тұлғасы қатарындағы осы Келісімнің 3-бабында көрсетілген азаматтарының уақытша еңбек қызметін жүзеге асыруы үшін ішкі корпоративтік ауысу туралы жазбаша келісіміне сәйкес аталған заңды тұлғасының басқа мемлекет аумағында құрылған өкілдігіне, филиалына, еншілес немесе үлестес ұйымдарына уақытша ауысуы. Жоғарыда көрсетілген азаматтардың ауысу сәтінде аталған заңды тұлғада кемінде 2 (екі) жыл үздіксіз жұмыс өтілі болуы керек. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|