Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 15 қыркүйектегі № А-9/435 Қаулысымен күші жойылды
Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 15 мамырдағы № а-5/192 қаулысымен бекітілді
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесімен, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жер қатынастары бөлімдерімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші), және (немесе) www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - Портал), www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы (бұдан әрі - Орталық) көрсетіледі. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. 3. Жер учаскесін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасын бекіту туралы бұйрық (бұдан әрі - бұйрық) немесе көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту туралы электрондық немесе қағаз түріндегі жауабы (бұдан әрі - бас тарту) мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі болып табылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) әрекеттері тәртібінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 358 қаулысымен бекітілген «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту» Стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды береді (бұдан әрі - Стандарт). 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әр рәсімнің (әрекеттің) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттарды қабылдауды, оларды тіркеуді жүзеге асырады - 15 минут. Нәтижесі - көрсетілетін қызметті алушыға қолхат беру; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|