ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 671 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2014 жылғы 10 cәуірдегі № 245 бұйрығына 2-қосымша
«Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және рұқсат карточкасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. «Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және рұқсат карточкасын беру» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы негізінде, сондай-ақ «Автомобиль көлігі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері туралы» 2014 жылғы 26 наурыздағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 265 қаулысымен бекітілген «Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және рұқсат карточкасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтінішті қабылдау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚКО) және «Электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы жүзеге асырылады. 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру ХҚКО арқылы жүзеге асырылады. 4. Мемлекеттік қызметтің нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|