Қазақстан Республикасы жергiлiктi әскери басқару органдарының мәселелерi Осы редакция 2014 жылғы 27 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 45-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Қарулы күштерiнiң мынадай мемлекеттік мекемелерi қайта ұйымдастырылсын: 1) бөлу жолымен: "Ақмола облысы мен Көкшетау қаласының әскери комиссариаты" "Ақмола облыстық әскери комиссариаты" мемлекеттік мекемесiне және "Көкшетау қалалық әскери комиссариаты" мемлекеттік мекемесiне; "Қызылорда облысы мен Қызылорда қаласының әскери комиссариаты" "Қызылорда облыстық әскери комиссариаты" мемлекеттік мекемесiне және "Қызылорда қалалық әскери комиссариаты" мемлекеттік мекемесiне; "Маңғыстау облысы мен Ақтау қаласының әскери комиссариаты" "Маңғыстау облыстық әскери комиссариаты" мемлекеттік мекемесiне және "Ақтау қалалық әскери комиссариаты" мемлекеттік мекемесiне; "Алматы облысы мен Алматы қаласының әскери комиссариаты" "Алматы облыстық әскери комиссариаты" мемлекеттік мекемесiне және "Алматы қалалық әскери комиссариаты" мемлекеттік мекемесiне; 2) бөлiп шығару жолымен: "Астана қаласының әскери комиссариатынан" "Астана қаласының Алматы аудандық әскери комиссариаты" мемлекеттік мекемесi және "Астана қаласының Сарыарқа аудандық әскери комиссариаты" мемлекеттік мекемесi; "Cәтпаев қалалық әскери комиссариатынан" "Қарағанды облысының Ұлытау аудандық әскери комиссариаты" мемлекеттік мекемесi. 2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) мемлекеттік мекемелердiң жарғыларын бекiтсiн және олардың әдiлет органдарында мемлекеттік тіркелуiн қамтамасыз етсін; 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 3. Көрсетiлген мемлекеттік мекемелердің қызметiн қаржыландыру 030 "Әскери комиссариаттардың аппараты" бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң мұқтаждарына республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен және шегiнде жүзеге асырылады деп белгiленсiн. 4. Ақмола, Қызылорда, Маңғыстау, Алматы, Қарағанды облыстарының, Алматы және Астана қалаларының әкiмдерi заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң құрылатын мемлекеттік мекемелерiн ғимараттармен және жабдықтармен қамтамасыз eтсін. 5. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 9 наурыздағы № 368 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 15, 142-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзілсiн: 1-тармақтың 3) тармақшасында (құпия). 6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
|