ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015.28.05. № 622 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2014 жылғы 19 мамырдағы № 311 бұйрығына 1-қосымша
«Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер беру» мемлекеттік қызмет регламенті
1. «Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер беру» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 45-бабының 2-тармағының және «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің ұшуға пайдалану және ұшуға жарамдылықта ұстау саласында мемлекеттік қызметтер көрсетуі мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 25 сәуірдегі № 400 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер беру» мемлекеттік қызмет стандартының негізінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. 2. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін беру қызмет берушінің кеңсесі немесе www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы жүзеге асырылады. 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: қағаз және (немесе) электронды (жартылай автоматтандырылған) түрде. 4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті (куәліктің телнұсқасын) (бұдан әрі - куәлік, куәліктің телнұсқасы) беру болып есептеледі.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің процесінде қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмысшыларының) іс-әрекеті тәртібінің сипаттамасы
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|