Ұлттық қорғаныс университетiнiң мәселелері (2011.26.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2014 жылғы 1 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 31.10.03 ж. № 1080 қаулысымен тақырыбы және 1-тармақ өзгертілді
«Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 9 сәуірдегі Заңының 15-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған «Ұлттық қорғаныс университетi» мемлекеттік мекемесi (бұдан әрi - Мекеме) туралы ереже бекітілсiн. ҚР Үкіметінің 2010.17.11. № 1209 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. ҚР Үкіметінің 2011.26.05. № 580 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 3. Мекеменiң қызметiн қаржыландыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне жоғары оқу орындарында кадрларды даярлауға көзделген қаражат есебiнен және шегiнде жүзеге асырылады деп белгiленсiн. 4. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Әскери академиясы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 16 маусымдағы № 977 қаулысының күшi жойылды деп танылсын. 5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Үкіметінiң 2003 жылғы 20 наурыздағы № 276 қаулысымен бекітілген
«Ұлттық қорғаныс университетi» мемлекеттік мекемесi туралы ереже
ҚР Үкіметінің 31.10.03 ж. № 1080 қаулысымен атауы және 1-тармақ өзгертілді 1. Жалпы ережелер 1. Ұлттық қорғаныс университеті (бұдан әрi - Университет) жоғары әскери кәсiптiк білім берудiң және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк білім берудiң білім беру бағдарламаларын iске асыратын әскери оқу орны болып табылады. 2. Университет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдергe, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Университеттің мемлекеттік мекеменiң ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы Жауынгерлiк туы, мемлекеттік тiлде өз атауы бар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген мөрi, мөртаңбалары мен белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банктерде шоттары бар. Университеттің өз атынан азаматтық-құқықтық қатынасқа түседi. 4. Университеттің өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Университет бастығының бұйрықтарымен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды. 5. Университеттің заңды мекен-жайы: 476410, Ақмола облысы, Щучинск қаласы. ҚР Үкіметінің 31.10.03 ж. № 1080 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді 6. Университеттің толық атауы: «Ұлттық қорғаныс университеті» мемлекеттік мекемесi. 2. Университеттің мақсаты, міндеттерi мен функциялары 7. Университеттің мақсаты жоғары әскери кәсiптiк білім берудiң және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк білім берудiң білім беру бағдарламаларын iске асыру болып табылады. 8. Университеттің мiндеттерi мыналар болып табылады: 1) жоғары әскери және жоғары әскери-арнаулы білімдi офицер кадрларды даярлау; 2) офицерлiк құрамды қайта даярлау және жетiлдiру; 3) әскери ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау; 4) тәрбие процесiн ұйымдастыру. 9. Университет Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес басқа мемлекеттердің азаматтарын даярлауды жүзеге асыра алады. 10. Университет көрсетiлген мiндеттерге қол жеткiзу үшiн мынадай функцияларды жүзеге асырады: 1) жоғары әскери білім берудiң және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк білiм берудiң білім беру бағдарламаларын меңгеру үшiн жағдай жасау; 2) терең әскери-арнаулы білімдi, нақты дағдылар мен шеберлiктi, өзге де кәсiби қасиеттердi қалыптастыру; 3) патриотизм сезiмiн, әскери антқа адалдықты тәрбиелеу, жеке адамның шығармашылық, рухани және дене бiтiмiнiң мүмкiндiктерiн дамыту, адамгершiлiктің берiк негiзiн, әскери этика, тәртiптiлiк пен ұйымшылдықты қалыптастыру; 4) мемлекеттік жалпыға бiрдей мiндетті білім беру стандарттарының негiзiнде оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес оқу және тәрбиелiк қызметтi жүзеге асыру. 3. Университеттің қызметін ұйымдастыру 11. Университет: 1) Университетке азаматтарды қабылдаудың тәртібін оқу орындарына қабылдаудың үлгi ережелерiне сәйкес белгiлейдi; 2) оқушыларды өтпелi аттестациялаудың нысанын, тәртібін және кезеңдiлiгін дербес таңдайды. 12. Университетті тiкелей басқаруды Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын бастық жүзеге асырады. 13. Университеттің бастығы дара басшылық қағидатында әрекет етедi және лауазымдық өкiлеттiктерiне сәйкес Университет қызметiнiң мәселелерiн дербес шешедi. 14. Университеттің бастығы басшылықты жүзеге асырған кезде белгiленген тәртiппен: 1) барлық ұйымдарда Университеттің мүддесiн бiлдiредi; 2) барлық қызметкерлер үшiн мiндеттi бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді; 3) номенклатураға сәйкес Университет қызметкерлерiн лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады; 4) Университет қызметкерлерiне көтермелеу шараларын және тәртiптiк жаза қолданады; 5) өз орынбасарларының және Университеттің өзге де басшы қызметкерлерiнiң мiндеттерiн және өкілеттiк шеңберiн айқындайды; 6) оған заңнамамен, осы Ережемен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады. 15. Университеттің негiзгi қорлардан және айналымды қаражаттан, сондай-ақ құны Университеттің теңгерiмiнде көрсетiлетiн өзге де мүлiктен тұратын жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкi болады. 16. Университеттің өзiне және оған смета бойынша бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiнше иелiктен шығаруға немесе оған өзге де тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ. 5. Университетті қайта ұйымдастыру және тарату 17. Университетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. |