ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1108 Қаулысымен күші жойылды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 маусымдағы № 702 қаулысымен бекітілген
«Пайдалы қазбаларды, су өсімдіктерін өндіру, кәбілдерді, құбырларды және басқа да коммуникацияларды төсеу, ағаш кесу үшін құрылыс, түбін тереңдету, жарылыс жұмыстарын, сондай-ақ су объектілері, су қорғау белдеулері мен аймақтарда бұрғылау, ауыл шаруашылығы және басқа да жұмыстарды жүргізу туралы құжаттарды келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. «Пайдалы қазбаларды, су өсімдіктерін өндіру, кәбілдерді, құбырларды және басқа да коммуникацияларды төсеу, ағаш кесу үшін құрылыс, түбін тереңдету, жарылыс жұмыстарын, сондай-ақ су объектілері, су қорғау белдеулері мен аймақтарда бұрғылау, ауыл шаруашылығы және басқа да жұмыстарды жүргізу бойынша құжаттарды келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциялары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - 10 (он) жұмыс күні ішінде; 2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минут; 3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|