«Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу мәселелері бойынша мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 30 қаңтардағы № 36 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Әділет министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 367 бұйрығымен күші жойылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу жөніндегі қағиданы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 14 тамыздағы № 249 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің бұйрығына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. «Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу мәселелері бойынша мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 30 қаңтардағы № 36 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9114 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 4 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: «Тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» Мемлекеттік қызмет регламенті: мынадай мазмұндағы 15-тармақпен толықтырылсын: «15. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі рәсімдерінің (іс-қимылдарының), өзара іс-қимылдары кезектілігінің егжей-тегжейлі сипаттамасы, сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі өзге көрсетілетін қызмет берушілермен және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталықтарымен өзара іс-қимыл тәртібінің және ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы Регламенттің 3-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында келтірілген.»; осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес редакцияда 3-қосымшамен толықтырылсын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|