ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 357 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2014 жылғы 26 маусымдағы № 187/HҚ бұйрығына 2-қосымша
«Геодезиялық пункттерді бұзуға немесе қайта салуға (ауыстыруға) рұқсат беру» мемлекеттік қызметті регламенті
1. «Геодезиялық пункттерді бұзуға немесе қайта салуға (ауыстыруға) рұқсат беру» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші), Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 358 қауылысымен бекітілген «Геодезиялық пункттерді бұзуға немесе қайта салуға (ауыстыруға) рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартына сәйкес (бұдан әрі - Стандарт), геодезиялық пункттерді бұзуға немесе қайта салуға (ауыстыруға) рұқсатын беру арқылы іске асырылады. 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағазша. 3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі геодезиялық пункттерді бұзуға немесе қайта салуға (ауыстыруға) рұқсат беру Стандарттың 1-ші қосымшасына сәйкес болып табылады. Қызмет көрсетушінің кеңсесі арқылы өтініш білдірген кезде мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі электронды форматта ресімделеді, басылып шығарылады, қызмет көрсетушінің өкілетті тұлғасының қолтаңбасымен және мөрмен расталады. «Электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - ЭУП) және «Е-лицензиялау» веб-порталы www.elicense.kz (бұдан әрі - портал) арқылы өтініш білдірген кезде мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі қызмет көрсетушінің өкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электронды құжат нысанында көрсетілетін қызмет алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|