«Кітапхана қорларын қалыптастыру, сақтау және пайдалану жөніндегі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 25 мамырдағы № 152 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің 2014 жылғы 26 маусымдағы № 85 бұйрығы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Кітапхана қорларын қалыптастыру, сақтау және пайдалану жөніндегі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 25 мамырдағы № 152 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4748 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзгеде мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер жинағында жарияланған, 2007 ж., маусым) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Кітапхана қорларын қалыптастыру, сақтау және пайдалану жөніндегі қағидаларды бекіту туралы»
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 24-бабы 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Кітапхана қорларын қалыптастыру, сақтау және пайдалану жөніндегі қағидалар бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кітапхана қорларын қалыптастыру, сақтау және пайдалану жөніндегі ережеде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Кітапхана қорларын қалыптастыру, сақтау және пайдалану жөніндегі қағидалар»
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: