«Денсаулық сақтау саласында бiлiктiлiк емтихандарын өткiзу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң міндетін атқарушының 2009 жылғы 6 қарашадағы № 661 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 693 бұйрығымен күші жойылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегi Қазақстан Республикасы Кодексiнің 7-бабының 28) тармақшасына, 176-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 23 қыркүйектегі № 991 қаулысымен бекітілген Оңтайландыруға және автоматтандыруға жататын мемлекеттік қызметтердің және оларды электрондық нысанға ауыстыру мерзімдері тізбесінің 39, 40-тармақтарына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы біліктілік емтихандарын өткізу тәртібін автоматтандыру мақсатында бұйырамын: 1. «Денсаулық сақтау саласында бiлiктiлiк емтихандарын өткiзу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң міндетін атқарушының 2009 жылғы 6 қарашадағы № 661 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 5884 тiркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа да орталық мемлекеттік органдарының 2010 жылғы № 1 Актілер жинағында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Денсаулық сақтау саласында біліктілік емтихандарын өткізу ережесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (Л.М. Ахметниязова): 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны кейіннен заңнамада белгіленген тәртіппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын; 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|