Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 29 шілдедегі № 477 бұйрығына 5-қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қаржымен қамтамасыз ету департаменті туралы
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қаржымен қамтамасыз ету департаменті (бұдан әрі - Департамент) әкімшілік ететін бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік шығыстарды жоспарлау және атқару, Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) орталық аппаратының және ведомстволық бағынысты бөліністерінің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру, қаржыландыру, еңбекақы төлеу, зейнетақымен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіретін және жүзеге асыратын Министрліктің құрылымдық бөлінісі болып табылады. 2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, Министрліктің нормативтік құқықтық актілерін және осы Ережені басшылыққа алады. 3. Департаменттің құрылымы мен штаттық саны Министрдің бұйрығымен белгіленеді және бекітіледі. 1) Басшылықтан; 2) Жоспарлау және қаржыландыру басқармасынан; 3) Бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есептілік басқармасынан; 4) Еңбекақы төлеу және зейнетақы тағайындау бөлімінен тұрады.
2. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттемелері
5. Міндеті: Министрлік әкімшілік ететін республикалық бюджеттік бағдарламалар бойынша тиісті қаржы жылына арналған шығыстарды жоспарлау. Функциясы: 1) Министрліктің жиынтық бюджеттік өтінімін ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің бюджеттік өтінімдерін тексеру бойынша тиісті аралау парақтарында көрсетілген ІІМ орталық аппаратының мүдделі қызметтерінің ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып, Министрліктің тиісті қаржылық кезеңіне арналған жиынтық бюджеттік өтінімді одан әрі қалыптастыру үшін Министрліктің ведомстволық бағынысты бөліністері мен қызметтері ұсынған бюджеттік өтінімдер негізінде қалыптастырады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|