Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 29 шілдедегі № 477 бұйрығына 10-қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жедел-криминалистикалық департаменті туралы ереже
1. Жедел-криминалистикалық департамент (бұдан әрі - Департамент) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің дербес (бұдан әрі - ІІМ) дербес құрылымдық бөлінісі болып табылады. 2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады. 3. Департаменттің құрылымын, штаттық санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Ішкі істер министрі бекітеді. 1) Басшылықтан; 2) Тергеу әрекеттерін және жедел-іздестіру іс-шараларын техникалық-криминалистикалық қамтамасыз ету басқармасынан; 3) Криминалистикалық және арнайы зерттеулер басқармасынан; 4) Жедел-криминалистикалық бөліністердің (бұдан әрі - ЖКБ) қызметін ұйымдастыру және есептер басқармасынан тұрады.
2. Департаменттің негізгі тапсырмалары, функциялары, құқықтары мен міндеттері
5. Тапсырма: ішкі істер органдарының (бұдан әрі - ІІО) тергеу және жедел-іздестіру жұмысына криминалистикалық құралдар мен әдістерді енгізу, қылмыстардың алдын алуда, ашуда және тергеуде оларды пайдалануды қамтамасыз ету. Функциялар: 1) Департамент қызметкерлерінің мамандар ретінде тергеу әрекеттеріне және жедел-іздестіру іс-шараларына қатысуы; 2) ІІО-ның криминалистикалық бөліністері қызметкерлерінің тергеу әрекеттеріне және жедел-іздестіру іс-шараларына қатысу әдістерін талдау. Республикалық және өңірлік криминалистикалық есептерді, криминалистикалық құралдар мен әдістерді пайдаланудың нәтижелілігін бағалау; 3) практикалық материалдарды және бөліністер қызметінің өзге де нысандарын талдау негізінде қылмыстарды жасауға ықпал ететін жағдайларды анықтау және оларды жою бойынша ұсыныстар әзірлеу; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|