ҚР Ішкі істер министрінің 2017.13.03. № 185 бұйрығымен алып тасталды Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 29 шілдедегі № 477 бұйрығына 11-қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы департаменті туралы
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы департаменті (бұдан әрі - Департамент) құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы, сондай-ақ босқындар мен азаматтық мәселелері жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) құрылымдық бөлінісі болып табылады. 2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады. 3. Департаменттің құрылымын, штаттық санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Ішкі істер министрі бекітеді. 1) Басшылықтан; 2) Сыртқы көші-қон басқармасынан; 3) Визалық жұмыс басқармасынан; 4) Азаматтық, иммиграция және босқындармен жұмыс басқармасынан; 5) Халықты құжаттандыру және тіркеу басқармасынан; 6) Кеңседен тұрады.
2. Департаменттің негізгі функциялары, құқықтары мен міндеттері
5. Міндеті: халықтың көші-қоны саласындағы, сондай босқындар мен азаматтық мәселелері бойынша ішкі істер органдарының қызметін реттеу. Функциялары: 1) мынадай: заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл жасау; шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды есепке алу және тіркеу; шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруы үшін құжаттар ресімдеу; елден тұрақты тұрғылықты жерге шығу; Қазақстан Республикасының азаматтарын құжаттандыру, есепке алу және тіркеу; пана іздеген адамдармен және босқындармен жұмыс; Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығару мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|