Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 шілдедегі № 332 Қаулысымен күші жойылды
Алматы облысы әкiмдiгiнiң 2014 жылғы 19 маусымдағы № 217 қаулысымен бекітілген
«Дәрiгердi үйге шақыру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентi
1. «Дәрiгердi үйге шақыру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдарда (учаскелік терапевт/учаскелік педиатр/жалпы медицина дәрігері) (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы немесе оның өкілі көрсетілетін қызметті берушіге тікелей немесе телефон байланысы арқылы өтініш берген кезде, сондай - ақ www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық денсаулық сақтау жүйесі шеңберінде көрсетіледі. «Дәрiгердi үйге шақыру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 20 наурыздағы № 253 қаулысымен бекітілген стандарт негізінде (бұдан әрі - Стандарт), сондай - ақ «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. бұйрығы негізінде (бұдан әрі - Бұйрық) ұсынылады. 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. 3. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижелерi: 1) тікелей немесе телефон байланысы арқылы жүгінген кезде - көрсетілетін қызметті берушінің шақыруларды тіркеу журналында (Бұйрықтың 3 қосымшасындағы нысанға сәйкес) жазылу, одан кейін дәрігердің келетін күнін, уақытын көрсете отырып, ауызша жауап беру; 2) порталға электронды форматта жүгінген кезде - Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті берушінің электрондық-цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған дәрігерді үйге шақыру туралы анықтама беру (электрондық түрде). Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|