Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 29 шілдедегі № 478 бұйрығына 1-қосымша
Қалалық, аудандық, желілік аумақтық ішкі істер органы туралы үлгілік ереже
1. Қалалық, аудандық, желілік аумақтық ішкі істер органы (бұдан әрі - (Ж)ІІО) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының бірегей жүйесіне кіретін және Ішкі істер департаментіне (бұдан әрі - Департамент) бағынышты мемлекеттік мекеме болып табылады. 2. (Ж)ІІО өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады. 3. (Ж)ІІО мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі, өзінің қызметін жүзеге асыруға қажетті басқа да мөрлері мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері болады. (Ж)ІІО өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі. (Ж)ІІО-ның азаматтық-құқықтық мәмілелері олардың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөліністерінде міндетті тіркелгеннен кейін күшіне енеді. (Ж)ІІО оған заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, оның азаматтық-құқықтық қатынастарға мемлекет атынан түсуге құқығы бар. 4. (Ж)ІІО-ның құрылымын, штаттық санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Ішкі істер министрі бекітеді. 5. (Ж)ІІО заңды мекенжайы: __________________________________________. 6. (Ж)ІІО-ның толық атауы ___________________________________________. 7. (Ж)ІІО өз құзіреті мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіпте бұйрық нысанында құқықтық актілер шығарады. 8. Осы ереже (Ж)ІІО-ның құрылтай құжаты болып табылады. 9. (Ж)ІІО-ның қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|