ҚР Қаржы министрінің 2015 жылғы 4 маусымдағы № 348 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 298 бұйрығына 3-қосымша
«Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушіні тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. «Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушіні тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аудандар, қалалардағы аудандар және қалалар, арнайы экономикалық аймақтардың аумақтары бойынша салық басқармалары ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтарында (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті берушінің ҚӨО), «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - ЭҮП) арқылы көрсетеді. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу карточкасын беру, тіркеу карточкасын ауыстыру, тіркеу есебінен шығару болып табылады. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастау үшін негіздеме Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 200 қаулысымен бекітілген «Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушіні тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 9-тармағында көрсетілген құжаттарды көрсетілетін қызметті алушының ұсынуы болып табылады. 5. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі рәсімдер (іс-қимылдар): 1) құжаттарды қабылдауға жауапты қызметкер көрсетілетін қызметті алушыдан Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдайды - 1 минут; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|