ҚР Қаржы министрінің 2015 жылғы 4 маусымдағы № 348 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 298 бұйрығына 5-қосымша
«Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. «Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтар аумақтарындағы салық басқармалары ақпараттарды қабылдау және өңдеу орталықтарында (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті берушінің ҚӨО) көрсетеді. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде. 3. Электронды цифрлық қолтаңбадан (бұдан әрі - ЭЦҚ) тұратын кілті бар контейнерлі электрондық ақпарат жеткізгішті беру, электронды құжаттар алмасуда электрондық қолтаңбаны пайдалану және тану туралы келісімді (бұдан әрі - келісім), ЭЦҚ жою немесе ауыстыру мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі болып табылады. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін (келісім) беру нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 200 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 9-тармағында көрсетілген құжаттарды табыс етуі негіз болып табылады. 5. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің рәсімі (іс-қимылдары): 1) құжаттарды қабылдауға жауапты қызметкер көрсетілетін қызметті алушыдан Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдайды - 1 минут; жеке басын куәландыратын құжатпен салықтық өтініште көрсетілген деректерді салыстырып тексереді - 2 минут, сонымен қатар: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|