ҚР Қаржы министрінің 2015 жылғы 4 маусымдағы № 348 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 298 бұйрығына 8-қосымша
«Дара кәсіпкерлерге патент беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. «Дара кәсіпкерлерге патент беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аудандар, қалалардағы аудандар және қалалар, арнайы экономикалық аймақтардың аумақтары бойынша салық басқармалары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші), ақпараттарды қабылдау және өңдеу орталықтары (бұдан әрі - ҚӨО), «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - ЭҮП) арқылы көрсетеді. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі Патентті салық органының ақпараттық жүйенде қалыптастыру болып табылады. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық түрде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің рәсімінің (іс-қимылының) басталуының негіздемесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 200 қаулысымен бекітілген, «Дара кәсіпкерлерге патент беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 9-тармағындакөрсетілген құжаттарды көрсетілетін қызмет алушының ұсынуы болып табылады. 5. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі рәсімдер (іс-қимылдар): 1) құжаттарды қабылдауға жауапты қызметкер қызметті алушыдан Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдайды- 1 минут; патент құны есебінде (бұдан әрі - есеп) көрсетілген деректермен, жеке басын куәландыратын құжаттағы деректерді салыстырады - 2 минут, сондай-ақ: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|