Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 29 шілдедегі № 478 бұйрығына 2-қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «_________ мекемесі» (түзеу мекемесі) республикалық мемлекеттік мекемесінің үлгілік жарғысы
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «____ мекемесі» республикалық мемлекеттік мекемесі қылмыстық жазаларды орындау саласында атқарушылық функцияларды қамтамасыз ететін, мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға мәртебесін иеленген коммерциялық емес ұйым болып талыбады. 2. Мекеменің құрылтайшысы болып Қазақстан Республикасы Үкіметі атынан мемлекет болып табылады. 3. Мекемеге қатысты уәкілетті орган заңнамада белгіленген басқарманың жоғары тұрған органы болып табылады. 4. Мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес белгіленеді. мемлекеттік тілде: Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «______ мекемесі» республикалық мемлекеттік мекемесі; орыс тілінде: республиканское государственное учреждение «Учреждение» Комитета уголовно-исполнительной системы Министерства внутренних дел Республики Казахстан. 6. Мекеменің мекен-жайы:, Қазақстан Республикасы, ____________ облысы, _______ қаласы, ______ көшесі.
7. Мекеме заңды тұлға құқығына оның мемлекеттік тіркеуден өткен кезінен бастап ие болады. 8. Мекеменің заңнамаға сәйкес дербес теңгерімі, аумақтық қазынашылық органдарында шоттары, бланктері, мемлекеттік және орыс тілдерінде өзінің атаулары жазылған мөрлері мен мөртаңбалары болады. 9. Мекеме заңды тұлға құра алмайды, сондай-ақ басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды. 10. Мекемемен жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелер Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен тіркеуге жатады. 11. Мекеменің келісім міндеттемелері бойынша жауапкершілігі заңнамаға сәйкес ұстауға бекітілген міндеттер жөніндегі қаржыландыру жоспары шектерінде туындайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|