Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 29 шілдедегі № 478 бұйрығына 3-қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «______ мекемесі» (тергеу изоляторы) республикалық мемлекеттік мекемесінің үлгілік жарғысы
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «_____ мекемесі» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мекеме) қылмыстар жасаған күдіктілерді, айыпталушыларды, заңды күшіне енбеген айыптау үкімі шығарылған сотталушылар, сотталғандарды күзетте ұстау, шаруашылық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды орындау үшін қалдырылған сотталғандарға қатысты бас бостандығынан айыру түріндегі жазаларды орындау саласында мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанда атқару функцияларын қамтамасыз ететін заңды тұлға мәртебесін иеленген коммерциялық емес ұйым болып табылады. 2. Мекеменің құрылтайшысы болып Қазақстан Республикасы Үкіметі атынан мемлекет болып табылады. 3. Мекемеге қатысты уәкілетті орган заңнамада белгіленген басқарманың жоғары тұрған органы болып табылады. 4. Мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес белгіленеді. мемлекеттік тілде: Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «_____ мекемесі» республикалық мемлекеттік мекемесі; орыс тілінде: республиканское государственное учреждение «Учреждение» Комитета уголовно-исполнительной системы Министерства внутренних дел Республики Казахстан. 6. Мекеменің мекен-жайы:, Қазақстан Республикасы, ____________ облысы, __________ қаласы, _________ көшесі.
7. Мекеме заңды тұлға құқығына оның мемлекеттік тіркеуден өткен кезінен бастап ие болады. 8. Мекеменің заңнамаға сәйкес дербес теңгерімі, аумақтық қазынашылық органдарында шоттары, бланктері, мемлекеттік және орыс тілдерінде өзінің атаулары жазылған мөрлері мен мөртаңбалары болады. 9. Мекеме заңды тұлға құра алмайды, сондай-ақ басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|