Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 29 шілдедегі № 478 бұйрығына 7-қосымша
Қылмыстық-атқару жүйесі тергеу изоляторы және түзеу мекемесінің кадр жұмысы бөлімшелері (бөлім, бөлімше, топ) туралы үлгілік ереже
1. Кадр жұмысының бөлімшесі (бұдан әрі - бөлімше) қылмыстық-атқару жүйесінің тергеу изоляторы мен түзеу мекемесінің (бұдан әрі - мекеме) құрылымдық бөлімшесі болып табылады. 2. Бөлімше өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Президентінің актілерімен, заңдарымен, өзге нормативтік-құқықтық актілермен, сондай-ақ осы Ережемен басшылық етеді. 3. Бөлімшенің құрылымы, штаттық саны Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіп бойынша Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен бекітіледі. 1) ________________________; 2) ________________________; 3) ________________________; 4) ________________________ тұрады.
2. Бөлімшенің негізгі міндеттері, қызметтері, құқықтары мен міндеттері
5. Міндеті: мемлекеттік кадр саясатының құрамдас бөлігі ретінде, ішкі істер органдарының жүйесінде бірыңғай кадр саясатын жүзеге асыру. Функциялары: 1) кадр саясаты облысында Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің шешімдерін ішкі істер органдары жүйесінде жүзеге асырады, осы қызметтің жай-күйі мен нәтижелері туралы ҚАЖД-не ақпарат береді; 2) ҚАЖ кадр саясатын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді; 3) кадрлармен жұмыстың басымды бағыттарын анықтайды, осы қызметті жетілдіру бойынша ҚАЖД-не ұсыныстар енгізеді; 4) ҚАЖД-не мен мүдделі мемлекеттік органдарға белгіленген үлгі бойынша тиісті мемлекеттік статистикалық есептілікті ұсынады, жиынтық есептемелер мен мәліметтерге талдау жасайды және зерделейді; 5) ҚАЖД, мекеменің басшылығы жанындағы жедел кеңестердің стратегиялық және операциялық жұмыс жоспарларына ұсыныстар енгізеді; 6) Бөлімшенің келешекке арналған және ағымдағы жоспарларын, іс-шаралар жоспарларын әзірлейді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|