Ақтөбе облысының әкімдігінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 168 Қаулысымен күші жойылды
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2014 жылғы 25 тамыздағы № 264 қаулысымен бекітілді
«Моноқалаларды дамытудың 2012 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасы» шеңберінде гранттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. «Моноқалаларды дамытудың 2012 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасы» шеңберінде гранттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Хромтау ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Облыстың үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі Өңірлік үйлестіру кеңесінің жұмыс органы болып «Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасы» мемлекеттік мекемесі табылады. Өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны - қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі облыстың индустриялық-инновациялық даму жөніндегі Өңірлік үйлестіру кеңесінің (бұдан әрі - ӨҮК) отырысы хаттамасының үзінді көшірмесі болып табылады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны - қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) әрекеттер тәртібін сипаттау
4. Көрсетілетін қызметті алушының (бұдан әрі - көрсетілетін қызмет алушы) немесе оның өкілінің (нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша) көрсетілетін қызмет берушіге Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 434 қаулысымен бекітілген «Моноқалаларды дамытудың 2012 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасы» шеңберінде гранттар беру» мемлекеттік қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 9-тармағымен көзделген сәйкес құжаттарды ұсынуы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (әрекетті) бастауға негіздеме болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|