Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің мәселелері (2013.01.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2014 жылғы 19 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 12 наурыздағы № 936 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциялау комитеті құрылсын. 2. Қоса беріліп отырған: 1) Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі туралы ереже; 2) ҚР Үкіметінің 2012.29.12. № 1816 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін. 3. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) өнімді бөлу туралы келісімге және осы қаулыны іске асыруға бағытталған өзге де ілеспе құжаттарға тиісті өзгерістер енгізуді қамтамасыз етсін; 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдасын. 4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігімен бірлесе отырып, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын. 5. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2012.29.12. № 1816 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 мамырдағы № 454 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|