Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері (2024.18.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару жүйесінің реформасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 6 тамыздағы № 875 және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы» 2014 жылғы 25 тамыздағы № 898 жарлықтарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереже (бұдан әрі - Ереже); 2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 2. Мыналар: 1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері; 2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері; 3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің обаға қарсы станциялары - мемлекеттік мекемелері; 4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің республикалық мемлекеттік кәсіпорындары; 5) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті мен Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің республикалық мемлекеттік кәсіпорындары; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|