Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң кейбiр мәселелерi» туралы 2004 жылғы 29 қазандағы № 1132 және «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы редакция 2014 жылғы 23 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1132 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 43, 540-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ережеде: 10-тармақ мынадай мазмұндағы 17-1) тармақшамен толықтырылсын: «17-1) мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызмет салаларының барлығына ортақ мамандарының жекелеген лауазымдарының біліктілік сипаттамаларын бекітеді;»; 2) «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 51, 648-құжат): 4-тармақ мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын: «6) мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызмет салаларының барлығына ортақ мамандарының жекелеген лауазымдарының біліктілік сипаттамаларын еңбек жөніндегі уәкілетті орган бекітеді деп белгіленсін.»; көрсетілген қаулының 1-қосымшасында: «G-7» санатында: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|