Қазақстан Республикасының (2014.18.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2014 жылғы 29 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы: ҚР 2014 жылғы 5 шілдедегі № 236-V Заңын қараңыз (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тарау. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің түрлері және негіздері 3-тарау. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді мемлекеттік реттеу Түпнұсқада мазмұны жоқ
Осы Заң өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға (отбасыларға) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) арнаулы әлеуметтік қызметтер - өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) туындаған әлеуметтік проблемаларды еңсеру үшін жағдайларды қамтамасыз ететін және оның қоғам өміріне қатысуына басқа азаматтармен тең мүмкіндіктер жасауға бағытталған қызметтер кешені; 2) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілер - арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі мемлекеттік және мемлекеттік емес секторларда жұмыс істейтін жеке және (немесе) заңды тұлғалар; 3) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттары - арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету сапасын, көлемін және шарттарын белгілейтін нормативтік құқықтық актілер; 4) әлеуметтік бейімсіздік - жеке адамның әлеуметтік ортамен өзара байланысының бұзылуы; 5) әлеуметтік депривация - адамның (отбасының) негізгі өмірлік қажеттіліктерін өз бетінше қанағаттандыру мүмкіндігін шектеу және (немесе) одан айрылу; 6) әлеуметтік қызметкер - арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін және (немесе) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындауды жүзеге асыратын, белгіленген талаптарға сәйкес келетін қажетті біліктілігі бар қызметкер; 7) әлеуметтік орта - адамның (отбасының) өмір сүруінің, қалыптасуы мен қызмет атқаруының материалдық, экономикалық, әлеуметтік, саяси және рухани жағдайларының жиынтығы; 8) өмірлік қиын жағдай - адамның тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын, осы Заңда көзделген негіздер бойынша танылған ахуал.
2-бап. Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы Осы Заң Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады.
4-бап. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері мен міндеттері 1. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясат: 1) адамның құқықтарын сақтау; 2) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің ізгілік, еріктілік, құпиялылық, атаулылық және қолжетімділік; 3) өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдардың (отбасыларының), арнаулы әлеуметтік қызметтерді алуға тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету; 4) мемлекеттік органдардың арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілермен өзара іс-қимылы; 5) кешенділік; 6) әлеуметтік ықпалдасу және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту принциптеріне негізделеді. 2. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі міндеттері: 1) өмірлік қиын жағдай туындаған кезде оны еңсеру үшін жағдай жасау; 2) арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемімен қамтамасыз ету; 3) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын сақтауды қамтамасыз ету; 4) көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің мониторингі және оның сапасын бағалау жүйесін дамыту; 5) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесінің дамуын қамтамасыз ету; 6) Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; 7) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту болып табылады.
2-тарау. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің түрлері және негіздері
5-бап. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің түрлері 1. Арнаулы әлеуметтік қызметтер арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін және ақылы арнаулы әлеуметтік қызметтерді қамтиды. 2. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемі бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің бірыңғай тізбесі болып табылады. 3. Ақылы арнаулы әлеуметтік қызметтер арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінен тыс ақылы негізде көрсетіледі. 4. Арнаулы әлеуметтік қызметтер ақпараттық, консультациялық және делдалдық қызметтер түрінде жалпы сипаттағы қызметтер көрсетуді қамтуы мүмкін. 5. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін, мемлекеттік секторда жұмыс істейтін субъектілер жалпы сипаттағы қызметтерді бюджет қаражаты есебінен көрсетеді. 6. Арнаулы әлеуметтік қызметтер арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарына сәйкес келуге тиіс. 7. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінен тыс көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің қосымша көлемін көрсетудің тізбесі мен тәртібін облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) жергілікті өкілді органдары бекітеді.
2014.18.02. № 175-V ҚР Заңымен 6-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 6-бап. Адам (отбасы) өмірлік қиын жағдайда деп танылуы мүмкін негіздер 1. Адам (отбасы) мынадай: 1) жетімдік; 2) ата-ананың қамқорлығынсыз қалу; 3) кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалуы, оның ішінде девианттық мінез-құлық; 4) үш жасқа дейінгі балалардың туғаннан бастапқы психофизикалық дамуы мүмкіндіктерінің шектелуі; 5) дене және (немесе) ақыл-ой мүмкіндіктеріне байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуы; 6) әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінің шектелуі; 7) жасының егде тартуына байланысты, ауруы және (немесе) мүгедектігі салдарынан өзіне-өзі күтім жасай алмауы; 8) әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соқтырған қатыгездік; 9) баспанасыздық (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар); 2012.15.02. № 556-ІV ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 10) бас бостандығынан айыру орындарынан босау; 2012.15.02. № 556-ІV ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды 11) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде болу негіздері бойынша өмірлік қиын жағдайда деп танылуы мүмкін. 2. Әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау критерийлерін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау және білім беру саласындағы уәкілетті органдармен бірлесе отырып айқындайды. Жасалған әрекеттерге катысты қылмыстық іс жүргізуді қозғау фактісінің бар-жоғына қарамастан, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа, адам саудасына, оның ішінде кәмелетке толмағандар саудасына, оларды пайдаланудың өзге де түрлеріне байланысты әрекеттер, сондай-ақ адам ұрлау әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қарау нысандары болып табылады.
3-тарау. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді мемлекеттік реттеу
7-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы құзыреті Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді; 2) арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекітеді; 3) 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4) арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтерді конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың ерекше тәртібін айқындайды; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 5) және 6) тармақшалармен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) 5) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекітеді; 6) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
8-бап. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның құзыреті Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган өз құзыреті шегінде: 1) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) 1-1) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын әзірлейді; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары мен оларды аттестаттау тәртібін әзірлейді және денсаулық сақтау және білім беру саласындағы уәкілетті органдармен келісім бойынша бекітеді; 3) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындау тәртібін әзірлейді және оларды денсаулық сақтау және білім беру саласындағы уәкілетті органдармен келісім бойынша бекітеді; 4) мыналарды: арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша мониторинг жүргізуді; халықтың арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттіліктеріне талдау жүргізуді; арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуды қамтамасыз етеді; 5) мыналарды: Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнамасының сақталуын бақылауды; арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету жөніндегі қызметті үйлестіруді; жеке және заңды тұлғалармен, денсаулық сақтау және білім беру саласындағы уәкілетті органдармен және басқа да мемлекеттік органдармен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асырады. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды; 2010.19.03 № 258-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6) тармақша өзгертілді; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 6) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңынасәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) 7) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
9-бап. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның құзыреті Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган өз құзыреті шегінде: 1) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) 1-1) денсаулық сақтау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарттарын әзірлейді; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары мен оларды аттестаттау тәртібін әзірлейді және халықты әлеуметтік қорғау және білім беру саласындағы уәкілетті органдармен келісім бойынша бекітеді; 3) мыналарды: халықтың арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттіліктеріне талдау жүргізуді; арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша мониторинг жүргізуді; арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуды қамтамасыз етеді; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4) тармақша өзгертілді 4) мыналарды: Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнамасының сақталуын бақылауды; жеке және заңды тұлғалармен, халықты әлеуметтік қорғау және білім беру саласындағы уәкілетті органдармен және басқа да мемлекеттік органдармен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асырады; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) 5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
10-бап. Білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыреті Білім беру саласындағы уәкілетті орган өз құзыреті шегінде: 1) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) 1-1) білім беру саласындағы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарттарын әзірлейді; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары мен оларды аттестаттау тәртібін әзірлейді және халықты әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдармен келісім бойынша бекітеді; 3) әлеуметтік қызметкерлер мамандықтарының тізбесін, оларды даярлау мен біліктілігін арттыру стандарттарын бекітеді; 4) мыналарды: арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша мониторинг жүргізуді; халықтың арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттіліктеріне талдау жүргізуді; арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуды қамтамасыз етеді; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5) тармақша өзгертілді 5) мыналарды: Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнамасының сақталуын бақылауды; жеке және заңды тұлғалармен, халықты әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдармен және басқа да мемлекеттік органдармен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асырады; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) 6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
11-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының құзыреті 1. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) жергілікті атқарушы органдары өз құзыреті шегінде: 1) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады; 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) мыналарды: жеке және заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асырады; 3) мыналарды: арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін, өз қарамағындағы субъектілерді құруды және олардың қызметін; арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілердің арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін көрсетуін; халықтың арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттіліктеріне талдау жүргізуді қамтамасыз етеді; 4) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді кадрмен қамтамасыз етуді, әлеуметтік қызметкерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады; 5) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін дамыту жөнінде шараларды қабылдайды; 6) арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінен тыс көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің қосымша көлемін көрсетудің тізбесі мен тәртібін әзірлейді және оларды облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) жергілікті өкілді органдарының бекітуіне ұсынады; 7) арнаулы әлеуметтік қызметтерді және арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындау жөніндегі қызметтерді көрсету бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастырады; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) 8) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 2. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары өз құзыреті шегінде: 1) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады; 2) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін, өз қарамағындағы субъектілерді құруды және олардың қызметін қамтамасыз етеді; 3) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді кадрмен қамтамасыз етуді, әлеуметтік қызметкерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады; 4) халықтың арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттіліктеріне талдау жүргізуді қамтамасыз етеді; 5) арнаулы әлеуметтік қызметтерді және арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындау жөніндегі қызметтерді көрсету бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастырады. 6) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін дамыту жөнінде шараларды қабылдайды; 7) жеке және заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) 8) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
4-тарау. Өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру
12-бап. Өмірлік қиын жағдайда жүрген адамның (отбасының) құқықтары мен міндеттері 1. Өмірлік қиын жағдайда жүрген адамның (отбасының): 1) арнаулы әлеуметтік қызметтердің көрсетілуіне өтініш білдіруге; 2) өзінің құқықтары, міндеттері мен арнаулы әлеуметтік қызметтердің көрсетілу шарттары туралы ақпарат алуға; 3) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікке бағалау жүргізуге және оны айқындауға қатысуға; 4) арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін және (немесе) ақылы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді таңдауға; 5) арнаулы әлеуметтік қызметтерді алуға немесе олардан бас тартуға; 6) лауазымды адамдардың, сондай-ақ арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілердің іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасы заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға; 7) лауазымды адамдарға немесе арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерге мәлім болған жеке сипаттағы ақпараттың құпиялылығына құқығы бар. 2. Өмірлік қиын жағдайда жүрген адам (отбасы): 1) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті айқындау және оларды көрсету туралы шешім қабылдау үшін толық және дұрыс ақпарат беруге; 2) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікке бағалау жүргізу және оны айқындау процесіне кедергі келтірмеуге; 3) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді осы қызметтерді көрсетуге әсер ететін мән-жайлардың өзгергені туралы уақтылы хабардар етуге міндетті.
13-бап. Өмірлік қиын жағдайда жүрген адамның (отбасының) арнаулы әлеуметтік қызметтердің көрсетілуіне өтініш білдіруі 2014.18.02. № 175-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Өмірлік қиын жағдайда жүрген адам (отбасы) тұратын жері бойынша (осы Заңның 15-бабының 7-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда) арнаулы әлеуметтік қызметтердің көрсетілуіне: 1) аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген және (немесе) кепілдік берілген көлемнен тыс көрсетілетін қосымша көлеміне; 2) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерге ақылы қызметтерге; 3) әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қарау салдарынан өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға (отбасыларға) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерге, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жәбірленушілерге көмек көрсететін субъектілерге арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген және (немесе) кепілдік берілген көлемнен тыс көрсетілетін қосымша көлеміне жазбаша өтініш беру арқылы жүгінеді. 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.18.02. № 175-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді 2. Өмірлік қиын жағдайда жүрген адамның (отбасының) мүддесі үшін арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы өтінішті адамның (отбасының) өз бетінше оны бере алмау себебін көрсете отырып: 1) отбасының ересек мүшелерінің біреуі; 2) қамқоршысы (қорғаншысы); 3) кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі; 4) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес сенімхаты бар адам; 5) әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қарау салдарынан өмірлік киын жағдайда жүрген адамға (отбасыға) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъект; 6) «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылған көмек көрсету жөніндегі ұйым бере алады.
14-бап. Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау 1. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер айқындайтын өмірлік қиын жағдайда жүрген адамның (отбасының) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілігін бағалау және айқындау негізінде жүзеге асырылады. 2. Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікке бағалау жүргізу және оны айқындау кезіндегі критерийлер: 1) тыныс-тіршілігінің шектелуі; 2) әлеуметтік бейімсіздік; 3) әлеуметтік депривация; 4) қолайсыз әлеуметтік орта болып табылады. 3. Әлеуметтік қызметкер осы Заңның 13-бабында аталған адамдардан өтініш келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының тапсырмасы бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындауды осы Заңның 8-бабының 3) тармақшасында белгіленген тәртіппен жүргізеді. 4. Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау негізінде қорытынды дайындайды, онда қызметтің түрі, алушының санаты, қызмет көрсетілетін жер, қызметтің көрсетілу ұзақтығы, қызметтің мазмұны, жеке ерекшеліктері айқындалады.
15-бап. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету 2014.18.02. № 175-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген және кепілдік берілген көлемнен тыс көрсетілетін қосымша көлемін көрсету бюджет қаражаты есебінен көрсетілген жағдайда, олар аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының шешімі негізінде жүзеге асырылады. |