|
|
|
Қазақстан Республикасының (2014.10.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2014 жылғы 29 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы: ҚР 2014 жылғы 4 шілдедегі № 233-V Заңын қараңыз (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тарау. Тауар биржаларының қызметін мемлекеттік реттеу 4-тарау. Тауар биржасының қызметі 5-тарау. Брокерлік және дилерлік қызмет. Тауар биржасындағы коммерциялық құпия 6-тарау. Тауар биржалары саласындағы мемлекеттік бақылау Түпнұсқада мазмұны жоқ
Осы Заң тауар биржалары қызметі және биржалық сауданы жүзеге асыру процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді, тауар биржаларының ашық және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету, биржалық саудаға қатысушылардың құқықтарын және олардың арасындағы адал бәсекелестікті қорғау мақсатында тауар биржаларының қызметін реттеу және мемлекеттік бақылау тәртібін белгілейді.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1) атаулы мәміле - биржалық тауардың сатып алушысы мен сатушысының алдын ала екіжақты уағдаластығы бойынша жасалған биржалық мәміле; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды 1-1) биржалық брокер (бұдан әрi - брокер) - сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi орган беретiн лицензия негiзiнде Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес тауар биржасында өз қызметiн жүзеге асыратын, акционерлiк қоғамның немесе жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын және клиенттiң тапсырмасы бойынша, соның есебiнен және мүддесi үшiн биржалық тауармен мәмiлелер жасайтын заңды тұлға; 2) биржалық дилер (бұдан әрі - дилер) - сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган беретін лицензия негізінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес тауар биржасында өз қызметін жүзеге асыратын, акционерлік қоғамның немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын және өзінің мүддесі үшін және өзінің есебінен, сондай-ақ клиенттің тапсырмасы бойынша биржалық тауармен мәмілелер жасайтын заңды тұлға; 3) биржалық сауда - тауар биржасында сауда-саттықты, оның ішінде электрондық сауда-саттықты жүргізу, мәмілелерді тіркеу және ресімдеу жолымен жүзеге асырылатын биржалық тауарларды өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызмет; 4) биржалық сауда ережелері - Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін биржалық сауданың үлгі ережелері негізінде әзірленген, әрбір тауар биржасы үшін биржалық сауда жүргізудің тәртібін белгілейтін құжат; 5) биржалық сауда-саттық - биржалық тауарлар бойынша мәмілелер жасауға бағытталған биржалық сауда ережелері шеңберінде жүргізілетін процесс; 6) биржалық саудаға қатысушылар - биржалық сауданың белгіленген ережелері бойынша тауар биржасында өзара әрекет ететін клиенттер, брокерлер және дилерлер; 7) биржалық тауар - айналымнан алынып тасталмаған немесе айналымда шектелмеген тауар, оның ішінде жылжымайтын мүлікті және зияткерлік меншік объектілерін қоспағанда, тауар биржасы биржалық саудаға жіберген мерзімді келісім-шарт; 8) биржалық тауарларға баға белгілеу - тауар биржасында белгілі бір уақыт кезінде биржалық тауарлар бойынша жарияланған сұраныстың және (немесе) ұсыныстың бағасы; 9) бұйрық - нақты биржалық тауарларға қатысты тауар биржасында белгілі бір әрекетті жүзеге асыруды көрсете отырып, клиент брокерге және (немесе) дилерге ұсынатын құжат; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды 9-1) кепілдік беру қор - биржада жасалған мәмілелердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында биржаның өз қаражаты есебінен қалыптастыратын ақша қоры; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 9-2) тармақшамен толықтырылды 9-2) классикалық сауда режимі - бірін-бірі білетін сатып алушылар мен сатушылар арасында биржалық тауардың шарттық бағасы бойынша атаулы мәмілелер жасалатын сауда режимі; 10) клиент - биржалық тауармен мәмілелер жасау үшін брокердің және (немесе) дилердің көрсететін қызметтерін пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға; 11) клиринг - тауар биржасында жасалатын мәмілелер бойынша биржалық сауда-саттыққа қатысушылар арасында өзара талаптар мен міндеттемелердің есебін жүргізу; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды 11-1) кросс-мәміле - брокер түрлі екі клиенттің тапсырмасы бойынша іс-әрекет ете отырып не өзі үшін тапсырманы орындай отырып, сатушы тарапынан да, сатып алушы тарапынан да әрекет ететін биржалық мәміле; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 11-2) тармақшамен толықтырылды 11-2) қосарланған қарсы аукцион режимі - сатушылар мен сатып алушылар бәсекелестігі нәтижесінде биржалық мәмілелер жасырын түрде жасалатын, ал биржалық тауарға баға сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдік деңгейінде белгіленетін сауда режимі; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 12) мерзімді келісімшарт - орындау мерзімі кейінге қалдырылған базалық активті шартсыз немесе шартты сатып алу-сатуға арналған келісімшарт, оған фьючерс, опцион жатады; 13) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 14) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 14) опциондық мәміле - объектісі опцион болып табылатын биржалық мәміле; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 14-1) тармақшамен толықтырылды 14-1) сақтандыру қоры - биржада жасалған мәмілелердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында биржа және (немесе) оның клирингтік орталығы биржа мүшелерінің міндетті жарналары есебінен қалыптастыратын ақша қоры; 15) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - сауда қызметі саласындағы мемлекеттік реттеуді және үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 16) спот-тауар - шұғыл берілетін немесе алдағы уақытта берілетін, қоймада тұрған тауар; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 16-1) тармақшамен толықтырылды 16-1) стандартты аукцион режимі - сатып алушы (сатушы) - аукцион бастамашысы үшін ең тиімді баға бойынша төмендетуге немесе жоғарылатуға арналған аукцион барысында биржалық мәмілелер жасалатын сауда режимі; 17) тауар биржасының мүшесі - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауар биржасының ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен биржалық тауармен мәмілелерді жүзеге асыруға құқығы бар брокер және (немесе) дилер; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 18) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 18) тауар биржасының сауда жүйесi - тауар биржасының материалдық-техникалық құралдары, электрондық сауда жүйесі, iшкi құжаттары және өзге де қажеттi активтер мен рәсiмдер кешенi, тауар биржасындағы сауда-саттыққа қатысушылар арасында биржалық тауарлармен мәмiлелер жасай отырып, сауда-саттық соларды пайдалану арқылы жүзеге асырылады; 19) тауар биржасының ішкі құжаттары - тауар биржасына қатысушылар қызметінің шарттары мен тәртібін, тауар биржасының, оның органдарының, құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын, қызмет көрсетулер, оларға ақы төлеудің тәртібі мен мөлшерін реттейтін құжаттар; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 19-1) тармақшамен толықтырылды 19-1) тауар биржасының электрондық сауда жүйесi - электрондық биржалық сауда-саттықты өткізуге қажетті және биржалық мәмілелер мен клиринг жасасу, сондай-ақ ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және ашу процесін автоматтандыруды қамтамасыз ететін, тауар биржасының есептеу құралдары, бағдарламалық қамтылымы, дерекқорлары, телекоммуникациялық құралдары және басқа да жабдықтары кешені; 2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен 20) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 20) фьючерстiк мәмiле - объектісі фьючерс болып табылатын биржалық мәмiле; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 21) тармақшамен толықтырылды 21) электрондық биржалық сауда-саттықтар - электрондық сауда жүйесіне берілген электрондық өтінімдер негізінде биржалық мәмілелерді жасайтын биржалық брокерлердің (биржалық дилерлердің) авторландырылған трейдерлері қатысатын биржалық сауда-саттықтарды өткізу процесі.
2-бап. Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
2-тарау. Тауар биржаларының қызметін мемлекеттік реттеу
3-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің тауар биржалары қызметі саласындағы құзыреті Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) тауар биржаларының қызметі саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді; 2) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 3) биржа саудасының үлгі ережелерін бекітеді; 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4) тармақша жаңа редакцияда 4) тауар биржаларының, биржалық брокерлер мен дилерлердің қызметіне қойылатын біліктік талаптарын бекітеді; 5) уәкілетті органның ұсынысы бойынша тауар биржалары арқылы өткізілетін биржалық тауарлардың тізбесін және ұсынылатын партиялардың ең аз мөлшерін бекітеді, оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді; 6) тауар биржасында халықаралық биржа сауда-саттықтарын дамыту үшін жағдайлар жасайды; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды 6-1) тауар биржалары есептілігінің күнделікті электрондық нысандарын, оларды ұсыну қағидаларын бекітеді; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 6-2) тармақшамен толықтырылды 6-2) кепілдік беру және сақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидаларын, олардың мөлшерін бекітеді; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 6-3) тармақшамен толықтырылды 6-3) тауар биржаларының электрондық сауда жүйесіне қойылатын міндетті талаптарды бекітеді; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) 7) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
4-бап. Уәкілетті органның құзыреті 1) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2) тауар биржаларының қызметін реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді, бекітеді; 3) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды; 2010.19.03 № 258-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-1) тармақша өзгертілді; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 3-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3-1) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 3-2) тармақшамен толықтырылды 3-2) тауар биржаларының электрондық сауда жүйесiне қойылатын міндетті талаптарды әзірлейді; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 3-3) тармақшамен толықтырылды 3-3) тауар биржалары есептілігінің күнделікті электрондық нысандарын, оларды ұсыну қағидаларын әзірлейді; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 3-4) тармақшамен толықтырылды 3-4) кепілді және сақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидаларын, олардың мөлшерін әзірлейді; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 3-5) тармақшамен толықтырылды 3-5) тауар биржаларының, биржалық брокерлердің және дилерлердің қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді; 4) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 5) тауар биржаларының қызметін талдауды және оған мониторингті жүргізеді; 6) коммерциялық немесе Қазақстан Республикасының заңымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, тауар биржаларының қызметі және биржалық сауда мәселелері жөніндегі ақпаратты жариялайды; 7) тауар биржалары саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады; 8) 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 9) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 10) тауар биржалары саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асырады. 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) 11) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 4-1-баппен толықтырылды 4-1-бап. Ақпарат алу жөніндегі өкілеттіктер Уәкілетті органға жүктелген функцияларды сапалы және уақтылы орындауды қамтамасыз ету, осы Заңның талаптарын іске асыру мақсатында уәкілетті орган жеке және заңды тұлғалардан, сондай-ақ мемлекеттік органдардан өзінің бақылау функцияларын жүзеге асыруы үшін қажетті ақпаратты өтеусіз алуға құқылы, бұл ретте, алынған мәліметтер жария етілмеуге тиіс.
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 4-2-баппен толықтырылды 4-2-бап. Биржалық тауарлар тізбесіне кірген тауарларды өткізу Биржалық сауда қатысушысының биржалық тауарлар тізбесіне кірген өзінің жалпы биржалық тауарлары айналымының кемінде он бес пайызы қосарланған қарсы аукцион режимінде жүзеге асырылады.
5-бап. Тауар биржалары саласындағы қызметті лицензиялау Тауар биржалары саласындағы қызметті лицензиялау Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
6-бап. Тауар биржасы 1. Акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, сауда-саттықтарды ұйымдық және техникалық қамтамасыз етуді тауар биржасының сауда жүйесін пайдалана отырып тікелей жүргізу жолымен жүзеге асыратын заңды тұлға тауар биржасы болып табылады. Тауар биржасы сауда-саттық жүргізуді биржалық сауданың белгіленген ережелері бойынша қамтамасыз етеді. Тауар биржасы өз қызметін уәкілетті орган беретін лицензия негізінде жүзеге асырады. 2. Тауар биржасының атауында «тауар биржасы» деген сөздер болуға тиіс. 3. Тауар биржасының жарғылық капиталын қалыптастыру Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
7-бап. Тауар биржасының жарғысы 1. Тауар биржасының жарғысы Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңнамасында көзделген тәртіппен бекітіледі. 2. Тауар биржасының жарғысында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мәліметтерден басқа тауар биржасын мамандандыруға нұсқау болуға тиіс.
8-бап. Тауар биржасындағы дауларды шешу 1. Биржалық мәмілелер жасаcумен байланысты дауларды шешу үшін тауар биржасы әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде тұрақты жұмыс істейтін биржалық төрелік құрады. 2. Биржалық төреліктің қызметі Қазақстан Республикасының аралық соттар туралы заңнамасымен реттеледі.
9-бап. Тауар биржаларының сыныптамасы Мамандануы бойынша тауар биржалары: 1) биржалық сауда-саттыққа әртүрлі тауарларды қабылдайтын әмбебап; 2) тауардың белгілі бір түрінің айналымына қызмет көрсететін мамандандырылған болуы мүмкін.
10-бап. Биржалық сауданың үлгі ережелері 1. Биржалық сауданың үлгі ережелері тауар биржасы мүшелерінің биржалық тауарлармен биржалық мәмілелер жасау кезіндегі қызметінің тәртібін айқындайды. 2. Биржалық сауданың үлгі ережелері мыналарды: 1) тауар биржасына мүшелікке қабылдаудың, мүшелікті тоқтата тұрудың және тоқтатудың шарттары мен тәртібін; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2) биржалық сауда-саттықтарды жүргізу тәртібін, оның ішінде атаулы мәмілелер мен кросс-мәмілелер жасасу ерекшелігін; 3) биржалық сауда-саттықта тауарлармен жасасылған мәмілелер бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру тәртібін; 4) тауар биржасындағы сауда-саттықты тоқтата тұрудың және қайта жаңартудың шарттары мен тәртібін; 5) биржалық төрелік қызметін қалыптастыру мен ұйымдастыру тәртібін, сондай-ақ биржалық тауарлармен биржалық мәмілелер жасасуға байланысты дауларды шешу тетіктерін; 6) биржалық сауда бойынша құжаттарды қабылдау (бекіту) тәртібін; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 7) тауар биржасындағы мәмілелерді есепке алу және тіркеу тәртібін; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды 8) тауар биржасының уәкілетті органға есептерді ұсыну, сондай-ақ өткізілетін сауда-саттықтар туралы ақпаратты тауар биржасының интернет-ресурсына орналастыру тәртібін; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды 9) тауар биржасы арқылы мемлекеттік және өзге де сатып алуды жүргізу тәртібін; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды 10) өткізілетін сауда-саттықтар туралы ақпаратты тауар биржасының интернет-ресурсына орналастыру тәртібін қамтиды.
11-бап. Тауар биржасының мүшелері 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Тауар биржасы мүшелерінің саны жетеуден кем болмауға тиіс. 2. Тауар биржасына мүшелік осы Заңға сәйкес биржалық сауда-саттыққа қатысуға құқық береді. 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды 3. Тауар биржасымен үлестес заңды тұлғалар тауар биржасының мүшелері бола алмайды.
12-бап. Тауар биржасының қызметкерлері 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Тауар биржасымен еңбек қатынастарында тұрған және жұмысты еңбек шарты бойынша тікелей орындайтын жеке тұлғалар тауар биржасының қызметкерлері болып табылады. Тауар биржасының қызметкеріне бір мезгілде тауар биржасының мүшелерімен еңбек қатынастарында тұруға тыйым салынады. 2. Тауар биржасының қызметкерлеріне биржалық мәмілелерге қатысуға, сондай-ақ коммерциялық ақпаратты өз мүдделерінде пайдалануға тыйым салынады.
4-тарау. Тауар биржасының қызметі
13-бап. Тауар биржасының қызметі 1. Тауар биржасының негізгі қызметінің түрі биржалық сауда-саттықты ұйымдастыру және жүргізу болып табылады. 2. Тауар биржасы мынадай функцияларды: 1) сауда-саттықты ұйымдастыруды және жүргізуді; 2) тауар биржасында жасалатын мәмілелерді, оның ішінде спот-тауарлармен жасалатын мәмілелерді тіркеуді және ресімдеуді; 3) биржалық мәмілелер бойынша есеп айырысуларды ұйымдастыруды және жүзеге асыруды; 4) тауар биржасында жүргізілген сауда-саттық нәтижесінде тауарға биржалық бағаны тіркеуді; 5) биржалық сауданың үлгі ережелері негізінде биржалық сауданың ережелерін әзірлеуді және бекітуді; 6) биржалық сауда-саттық арқылы сатылатын биржалық тауардың сапасына биржалық саудаға қатысушының талабы бойынша сараптама ұйымдастыруды; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 7) биржалық саудамен байланысты ұйымдастырушылық, консультациялық, ақпараттық, әдістемелік қызметтер көрсетуді; 8) биржалық тауарлар нарығына талдамалық зерттеулер жүргізуді; 9) биржалық қызмет туралы ақпаратқа жататын баспа өнімін шығаруды; 10) биржалық тауар нарығының қатысушыларын оқыту және олардың біліктілігін арттыру жөнінде оқу курстарын ұйымдастыруды; 11) тауар биржасының сауда жүйесін пайдалануды; 12) халықаралық биржалық сауда-саттықты дамытуды жүзеге асырады. 3. Тауар биржасына биржалық сауданы ұйымдастырумен тікелей байланысты емес сауда және өзге де қызметті жүзеге асыруға тыйым салынады. 4. Тауар биржасы осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерімен өзіне берілген құқықтар шегінде өз атынан шетелдіктермен және басқа мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалармен ынтымақтастық туралы келісімдер жасасуға құқылы.
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 13-1-баппен толықтырылды 13-1-бап. Тауар биржасы арқылы мемлекеттік сатып алу 1. Тауар биржасындағы мемлекеттік сатып алу биржалық сауданың үлгілік қағидаларында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. 2. Тауар биржасындағы мемлекеттік сатып алу қосарланған қарсы аукцион режимінде жүзеге асырылады. 3. Тапсырыс беруші үшін тауар биржалары арқылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қызметтері тапсырыс берушінің тиісті жылға арналған бюджетінде көзделген қаражаттар шеңберінде өтеулі негізде көрсетіледі. 4. Тауар биржасында мемлекеттік сатып алу тек қана электрондық биржа сауда-саттықтары арқылы жүргізіледі.
14-бап. Тауар биржасының кірістері 1. Тауар биржасының кірістері тауар биржасы мүшелерінің кіру жарналары мен жыл сайынғы жарналары, биржа мүлкін пайдаланғаны, биржалық мәмілелерді тіркегені және ресімдегені үшін төлемдер есебінен және заңнамамен тыйым салынбаған басқа да түсімдер есебінен құралады. 1) тауар биржасы мүшелерінің кепілдік жарналарының мөлшері мен оларды енгізу тәртібін; 2) биржалық сауданың ережелеріне сәйкес сауда-саттыққа қатысқаны үшін төлемдердің мөлшерін; 3) алыпсатарлық әрекеттерді болдырмау мақсатында сауда-саттықты тоқтата тұру үшін алдыңғы сауда-саттық нәтижесінде қалыптасқан бағаларды ескере отырып, бір сауда күні шеңберінде нақты биржалық тауарға бағалар деңгейлерінің ең аз және ең көп шектерін белгілеуге құқығы бар. 3. Тауар биржасына биржалық мәмілелердегі делдалдық үшін брокерлер және дилерлер алатын сыйақы мөлшерін белгілеуге тыйым салынады. 4. Тауар биржасының мүшелерінен алынатын төлемдердің мөлшері биржалық сауданың ережелерімен айқындалады және биржалық сауданың кез келген қатысушысының танысуы үшін қолжетімді болуға тиіс.
1. Биржада айналымға жіберілген мүлік нысанасы болып табылатын және Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасына және биржалық сауда ережелеріне сәйкес ол жүргізетін сауда-саттыққа қатысушылармен жасалатын мәміле биржалық мәміле болып танылады. 2. Тауар биржасында жасалған, бірақ осы баптың 1-тармағында көзделген талаптарға сәйкес емес мәмілелер биржалық болып табылмайды. 3. Биржалық тауарлар тізбесіне енгізілген тауарлармен тауар биржаларынан тыс жасалған мәмілелер мүдделі адамдардың, уәкілетті органның не прокурордың талабы бойынша жарамсыз деп танылады. 4. Биржалық мәмілелер тауар биржасының атынан және оның есебінен жасалмайды.
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 15-1-баппен толықтырылды 15-1-бап. Биржалық сауда-саттықтарды жүргізу режимдері Биржалық сауда-саттықтар сауданың мынадай режимдерінде жүргізіледі:
16-бап. Биржалық мәмілелердің түрлері Тауар биржасында: 1) халықаралық іскерлік операцияларымен өзара байланысты мәмілелерді қоса алғанда, спот-тауарларға қатысты құқықтар мен міндеттерді өзара беріп отыратын мәмілелер; 2) фьючерстік мәмілелер; 3) опциондық мәмілелер; 4) қоймалық құжаттарға қатысты құқықтар мен міндеттерді өзара беріп отыратын мәмілелер жасалады.
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 16-1-баппен толықтырылды 16-1-бап. Тауар биржасының биржалық мәмілелердің орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі қорлары Биржада жасалған мәмілелердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында тауарлық биржа кепілдік беру және сақтандыру қорларын құрады.
17-бап. Фьючерстік және опциондық мәмілелер жасау кезіндегі биржалық саудадағы кепілдіктер 1. Тауар биржасы онда жасалатын фьючерстік және опциондық мәмілелердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында клирингтік орталықтар арқылы есеп айырысу қызметін көрсетуді ұйымдастыруға міндетті. 2. Тауар биржасында фьючерстік және опциондық мәмілелерді жасауға брокерлердің және (немесе) дилерлердің ғана құқығы бар. 3. Тауар биржасында фьючерстік және опциондық мәмілелер автоматтандырылған сауда-саттық жүргізуді, клирингті жүргізуді, баға белгілеу өзгерістерінің серпінін қамтамасыз ететін бағдарламалық құралдардың арнайы кешені болған кезде ғана жасалады. 4. Клирингтік орталықтар тауар биржасынан тәуелсіз ұйымдар ретінде тауар биржасының құрамында арнайы ұйымдастырылған құрылымдық бөлімше - клирингтік орталық ретінде де құрылуы мүмкін. 5. Клирингтік орталықтар өз қызметінде: 1) фьючерстік және опциондық мәмілелердің орындалуына және осы мәмілелер бойынша міндеттемелердің орындалмау не тиісінше орындалмау нәтижесінде пайда болған зиянды өтеуге кепілдік беретін жарналардың түрлерін, мөлшерін және оларды алу тәртібін белгілейді, сондай-ақ осы мәмілелерге қатысушылардың басқа да қаржылық міндеттемелерін айқындайды; 2) фьючерстік және опциондық мәмілелерге кепілдік беру үшін шаралар қабылдайды; 3) тауарлармен мәмілелер жасау нәтижесінде жүзеге асырылатын есеп айырысуларға қатысушы тараптардың өзара талаптары мен міндеттемелерінің есебін жүзеге асырады; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды 4) тараптардың фьючерстік және опциондық мәмілелер бойынша талаптарын және (немесе) міндеттемелерін айқындайды, олар бойынша есеп айырысуларды ұйымдастырады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |