Қылмыстар, оқиғалар туралы өтініштерді, хабарламаларды, шағымдарды және өзге де ақпаратты, қылмыстық істерді, оларды тергеу және прокурорлық қадағалау нәтижелерін бірыңғай, соның ішінде электрондық форматта карточкалық есепке алуды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
ҚР Бас прокурорының 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 89 бұйрығымен күші жойылды
Қылмыстар, оқиғалар туралы өтініштерді, хабарламаларды, шағымдарды және өзге де ақпаратты, қылмыстық істерді, оларды тергеу, прокурорлық қадағалау және сотта қарау нәтижелерін бірыңғай, соның ішінде электрондық форматта карточкалық есепке алуды жүргізуді одан әрі жетілдіру мақсатында, «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, «Прокуратура туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес қоса берілген Қылмыстар, оқиғалар туралы өтініштерді, хабарламаларды, шағымдарды және өзге де ақпаратты, қылмыстық істерді, оларды тергеу және прокурорлық қадағалау нәтижелерін бірыңғай, соның ішінде электрондық форматта карточкалық есепке алуды жүргізу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін. 2. Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет) осы бұйрықты жолдасын: 1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін; 2) мүдделі құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілеріне мәлімет және қызметте пайдалану үшін, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының мүдделі құрылымдық бөлімшелеріне, Комитеттің аумақтық органдарына орындау үшін жіберсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|