Қазақстан Республикасының (2013.03.07. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2014 жылғы 29 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесін қараңыз
Түпнұсқада мазмұны жоқ
Осы Заң телерадио хабарларын тарату саласындағы қоғамдық қатынастарды, телерадио хабарларын тарату субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін реттейді.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) абонент - телерадио хабарларын тарату қызметтерін алуға телерадио хабарларын тарату операторымен шарт жасасқан жеке немесе заңды тұлға; 2) дара спутниктік және эфирлік қабылдау құрылғысы - теле-, радиосигналды дара қабылдауға арналған жабдық (телевизиялық байланысты қабылдау аппаратурасы); 3) дыбыстық сүйемелдеудің көпарналы берілуі - абонентке көру кезінде тілдерді таңдауға мүмкіндік беретін, телебағдарламада екі және одан да көп дыбыстық сүйемелдеудің берілуі; 4) еркін қолжетімді теле-, радиоарна - көру құқығы үшін ақы алынбай адамдардың шектеусіз тобы үшін цифрлық эфирлік және спутниктік телерадио хабарларын тарату арқылы таратылатын теле-, радиоарна; 5) көпарналы хабар тарату - теле-, радиоарналар топтамаларын таратуға арналған телекоммуникациялық жүйе; 6) міндетті теле-, радиоарна - Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тиісті тізбеге кіретін, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көпарналы хабар тарату арқылы таратылуға міндетті теле-, радиоарна; 7) отандық теле-, радиоарна - Қазақстан Республикасының теле-, радиокомпаниялары кейіннен трансляциялау және (немесе) ретрансляциялау үшін хабар тарату кестесіне сәйкес қалыптастырған теле-, радиобағдарламалардың және дыбыс-бейне туындыларының, сюжеттер мен материалдардың жиынтығын білдіретін бұқаралық ақпарат құралы; 8) отандық теле-, радиобағдарламалар - Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген және өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында және одан тысқары жерлерде жүзеге асыратын теле-, радиокомпаниялар немесе жеке және заңды тұлғалар жасаған теле-, радиобағдарламалар; 9) ретрансляция - телекоммуникациялардың техникалық құралдарын пайдалана отырып, теле-, радиобағдарламаларды, теле-, радиоарналарды қабылдау және сонымен бір мезгілде не жазып алып тарату; 10) субтитрлер - телебағдарламада қамтылған ақпаратты телебағдарлама түпнұсқасының дыбыстық сүйемелденуін мәтінмен қайталау арқылы тарату тәсілі; 11) телевизиялық абоненттік жалғама - абоненттің цифрлық телевизиялық сигналды қабылдауына арналған жеке техникалық құрал; 12) теле-, радиоарна - кейіннен трансляциялау және (немесе) ретрансляциялау үшін хабар тарату кестесіне сәйкес қалыптастырылған теле-, радиобағдарламалар мен дыбыс-бейне туындыларының, сюжеттер мен материалдардың жиынтығын білдіретін бұқаралық ақпарат құралы; 13) теле-, радиоарналар топтамасы - көпарналы хабар тарату арқылы тарату үшін қалыптастырылған теле-, радиоарналардың жиынтығы; 14) теле-, радиоарналарды тарату - телекоммуникациялардың техникалық құралдарын пайдалана отырып, тұтынушыға теле-, радиобағдарламаларды жеткізу; 15) теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәлік - уәкілетті органның теле-, радиокомпанияға беретін және теле-, радиоарнаның Қазақстан Республикасының аумағында таралуына рұқсат беретін белгіленген нысандағы құжат; 16) теле-, радиобағдарлама - тиісті атауы, хабар тарату көлемі бар және теле,- радиоарнаның басқа бөліктеріне қарамастан пайдаланылуы мүмкін теле-, радиоарнаның мазмұны жағынан аяқталған бөлігі; 17) теле-, радиокомпания - теле-, радиоарнаның меншік иесі болып табылатын және теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәлік алған жеке немесе заңды тұлға; 18) телерадио хабарларын тарату - телекоммуникациялардың техникалық құралдарын пайдалана отырып, теле-, радиоарналарды, ашық немесе кодталған түрде тұтынушының жария қабылдауы үшін қалыптастыру және (немесе) тарату; 19) телерадио хабарларын тарату қызметі - бұл теле-, радиобағдарламаларды қабылдау, өңдеу, сақтау, беру, абонентке дейін жеткізу; 20) телерадио хабарларын тарату операторы - теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия алған жеке немесе заңды тұлға; 21) телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдары - теле-, радиоарналар мен теле-, радиобағдарламалар жасауды, қалыптастыруды, таратуды және (немесе) қабылдауды қамтамасыз ететін радиоэлектрондық құралдар мен қабылдайтын-беретін техникалық құрылғылардың жиынтығы; 22) телекоммуникациялардың техникалық құралдары - теле-, радиосигналдарды қалыптастыруға, қабылдауға, өңдеуге және беруге мүмкіндік жасайтын техникалық құрылғылар; 23) телерадио хабарларын тарату саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - телерадио хабарларын тарату саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган; 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 23-1) тармақшамен толықтырылды 23-1) телерадио хабарларын таратуды техникалық сүйемелдеу саласындағы уәкілетті орган - телерадио хабарларын таратуды техникалық сүйемелдеу саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган; 24) трансляция - телекоммуникациялардың техникалық құралдарын пайдалана отырып теле-, радиоарналардың сигналын бастапқы тарату; 25) телерадио хабарларын таратудың ұлттық желісі - мемлекет меншігіндегі, Қазақстан Республикасының аумағында телерадиосигналдарын таратуды қамтамасыз ететін техникалық құралдар мен байланыс арналарының жүйесі; 26) хабар тарату кестесі - хабар таратудың бағдарламалық тұжырымдамасының нақты кезеңдегі негізгі бағыттарын көрсететін, теле-, радиобағдарламалардың тізбесі, реттілігі, атауы, эфирге шығу уақыты; 27) шартты қолжетімді теле-, радиоарна - көру кұқығы өтеулі шарт негізінде қамтамасыз етілетін, Қазақстан Республикасының аумағында телерадио хабарларын тарату операторлары адамдардың шексіз тобына тарататын теле-, радиоарна.
2-бап. Осы Заңның қолданылу аясы 1. Осы Заңның күші Қазақстан Республикасының аумағында телерадио хабарларын тарату саласында өз қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға қолданылады. 2. Осы Заңның ережелері Қазақстан Республикасының аумағында телерадио хабарларын тарату саласында өз қызметін жүзеге асыратын шетелдік жеке және заңды тұлғаларға да қолданылады.
3-бап. Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
2-тарау. ТЕЛЕРАДИО ХАБАРЛАРЫН ТАРАТУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
4-бап. Телерадио хабарларын тарату саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттары Телерадио хабарларын тарату саласындағы қызметті мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттары: 1) заңдарда тыйым салынбаған кез келген тәсiлдермен еркiн ақпарат алу және тарату, сөз бен шығармашылық бостандығы құқықтарына конституциялық кепілдіктерді қамтамасыз ету; 2) телерадио хабарларын тарату қызметтерін пайдалану кезінде адамның, қоғам мен мемлекеттің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету; 3) телерадио хабарларын тарату саласындағы қызметке жеке және заңды тұлғалардың қатысу құқықтарының теңдігі; 4) телерадио хабарларын тарату қызметтерін тұтынушылардың, телерадио хабарларын тарату саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау; 5) меншік нысанына қарамастан телерадио хабарларын тарату саласын дамытуға тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуді білдіретін адал бәсекелестік; 2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 6) Қазақстан Республикасының аумағында телерадио хабарларын тарату саласындағы ұлттық стандарттар негізінде телерадио хабарларын тарату саласының қауіпсіздігін, сенімділігін және сапасын қамтамасыз ету; 7) отандық теле-, радиоарналарды дамыту, отандық теле-, радиобағдарламаларды жасау және трансляциялау үшін жағдай жасау; 8) телерадио хабарларын тарату саласында жаңаша технологияларды енгізуге жәрдемдесу; 9) телерадио хабарларын тарату саласындағы қызметтің жариялылығы және ашықтығы болып табылады.
5-бап. Телерадио хабарларын тарату саласындағы мемлекеттік реттеу және бақылау 1. Телерадио хабарларын тарату саласындағы мемлекеттік реттеу құқықтық қамтамасыз ету, лицензиялау, есепке қою және Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылау арқылы жүзеге асырылады. 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Осы Заңның 24-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында және 31-бабында көзделген талаптарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады, оларды бақылауды тиісінше уәкілетті орган және телерадио хабарларын таратуды техникалық сүйемелдеу саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады. 3. Телерадио хабарларын тарату саласындағы мемлекеттік бақылау «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тексерулер нысанында жүзеге асырылады. 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4. Осы Заңның 31-бабында көзделген талаптардың сақталуы бөлігінде Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуына бақылау жүргізуді мемлекеттік техникалық қызметті тарта отырып, телерадио хабарларын таратуды техникалық сүйемелдеу саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) телерадио хабарларын тарату саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі даму бағыттарын әзірлейді; 2) телерадио хабарларын тарату саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың дамуын қамтамасыз етеді; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3) теле-, радиоарналарын тарату жөніндегі қызметтi лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiтедi; 4) міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін бекітеді; 5) ұлттық оператор тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін бекітеді; 6) міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидаларын бекітеді; 7) телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидаларын бекітеді; 8) телерадио хабарларын тарату мақсаты үшін жиіліктердің белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлу қағидаларын бекітеді; 9) Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссияның ережесі мен құрамын бекітеді; 10) адамдардың өміріне, денсаулығына төнген қауіп-қатер және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде қалыптасқан жағдайдағы іс-қимылдар тәртібі туралы халықты хабардар ету, сондай-ақ қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік және құқықтық тәртіпті қорғау мүдделерінде телерадио хабарларын тарату желілерін пайдалану қағидаларын бекітеді; 11) телерадио хабарларын тарату саласындағы мемлекеттік техникалық қызметті айқындайды; 12) цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға толық көшу мерзімін бекітеді; 13) телерадио хабарларын тарату саласындағы ұлттық операторды айқындайды; 14) Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 7-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 7-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 7-бап. Уәкілетті органдардың құзыреті 1. Уәкілетті орган: 1) телерадио хабарларын тарату саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының іске асырылуын қамтамасыз етеді; 2) орталық және жергілікті атқарушы органдардың телерадио хабарларын тарату мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіреді; 3) жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуын бақылауды және оның мониторингін жүзеге асыру жөніндегі қызметін үйлестіреді; 4) телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторының еркін қолжетімді теле-, радиоарналарының таратылуын қаржылай қамтамасыз ету (цифрлық эфирлік және спутниктік телерадио хабарларын тарату, сондай-ақ аналогтік телерадио хабарларын тарату арқылы) бөлігіндегі қызметін үйлестіреді; 5) телерадио хабарларын тарату мақсатында жиілік белдеулерін, радиожиілікті (радиожиілік арналарын) бөлу бойынша конкурстар ұйымдастырады және өткізеді; 6) міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурстар ұйымдастырады және өткізеді; 7) телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурстар ұйымдастырады және өткізеді; 8) «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен телерадио хабарларын тарату саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асырады; 9) лицензиаттың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады; 10) Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік теле-, радиоарналарды есепке қоюды, қайта есепке қоюды жүзеге асырады; 11) өз құзыреті шегінде телерадио хабарларын тарату саласындағы нормативтік құқықтық және нормативтік техникалық актілерді, оның ішінде телерадио хабарларын тарату операторларының қызметтер көрсету қағидаларын бекітеді; 12) көпарналы хабар таратудағы таратылуына қарай міндетті теле-, радиоарналардың санын айқындайды; 13) отандық теле-, радиоарналарды есепке қоюды, қайта есепке қоюды жүзеге асырады; 14) телерадио хабарларын тарату саласындағы қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді; 15) міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидаларын әзірлейді; 16) телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидаларын әзірлейді; 17) телерадио хабарларын тарату мақсаты үшін жиілік белдеулерін, радиожиілікті (радиожиілік арналарын) бөлу қағидаларын әзірлейді; 18) Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссияның ережесін әзірлейді және оның құрамына ұсыныстар енгізеді; 19) Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында, Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады. 2. Телерадио хабарларын таратуды техникалық сүйемелдеу саласындағы уәкілетті орган: 1) телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторының цифрлық эфирлiк хабар таратуды енгізу бөлігіндегі қызметiн үйлестiредi; 2) мемлекеттiк техникалық қызметтiң жұмысын үйлестiредi; 3) телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық параметрлерiнiң және телерадио хабарларын таратудың ұлттық стандарттарының сақталуына бақылауды жүзеге асырады; 4) өз құзыретi шегiнде телерадио хабарларын тарату саласында нормативтiк құқықтық және нормативтiк техникалық актiлердi, оның iшiнде телерадио хабарларын тарату жүйесiн техникалық пайдалану қағидаларын, телерадио хабарларын тарату сапасына бақылау жүргiзу қағидаларын, теле-, радиокомпаниялардың техникалық құралдарын телерадио хабарларын тарату операторларының желiлерiне қосу қағидаларын бекiтедi; 5) телерадио хабарларын тарату құралдарына қойылатын техникалық талаптардың сақталуы бөлігінде Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуына бақылауды жүзеге асырады; 6) өз құзыретi шегiнде «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мiндеттi ведомстволық есептiлiктiң, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесiн бағалау критерийлерiн, жыл сайынғы тексеру жоспарларын әзiрлейдi және бекiтедi; 7) телерадио хабарларын тарату саласындағы көрсетілетін қызметтер нарықтарында басым жағдайға ие нарық субъектiлерiне көрсетілетін қызметтердің бағаларын реттейдi; 8) Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында, Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
8-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті өкілді және атқарушы органдарының құзыреті 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Елді мекендерді абаттандыру, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты), өзге де ғимараттар мен құрылыстарды абаттандыру саласындағы мемлекеттік және қоғамдық мүдделерді қамтамасыз ету мақсатында облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының ұсынуы бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті өкілді органдары Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген үлгі қағидаларға сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы тұрғын үй кешендерінде дара спутниктік және эфирлік қабылдау құрылғыларын, кабельдік коммуникацияларды орналастыру бойынша талаптарды белгілейді. 2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында телерадио хабарларын тарату саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады.
9-бап. Мемлекеттік техникалық қызмет 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Мемлекеттiк техникалық қызмет - Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын, телерадио хабарларын таратуды техникалық сүйемелдеу саласындағы уәкiлеттi органның телерадио хабарларын тарату саласындағы қызметтi бақылауын техникалық қамтамасыз етудi жүзеге асыратын заңды тұлға. 2. Мемлекеттік техникалық қызмет мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады: 1) радиожиiлiк спектрiнiң және радиоэлектрондық құралдардың мониторингi бойынша жұмыстарды техникалық қамтамасыз ету; 2) радиоэлектрондық құралдардың және радиожиiлiктi иелікке берудiң тiзiлiмiн (дерекқорын) жүргiзуді техникалық қамтамасыз ету; 3) радиоэлектрондық құралдардың электромагниттiк үйлесiмдiлiгiнiң есебiн жүргiзу жөнінде қызмет көрсету; 4) радиобақылауды жүргізу мен радиоқабылдауды индустриялық бөгеуілдерден қорғауды техникалық қамтамасыз ету; 5) радиоэлектрондық құралдарға, оның ішінде ратификацияланған халықаралық шарттарға сәйкес әрекет ететін халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің радиоэлектрондық құралдарына радиобөгеуілдер көздерін анықтау және жою бойынша іс-шаралар; 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес телерадио хабарларын таратуды техникалық сүйемелдеу саласындағы уәкiлеттi органның жиiлiктi, радиожиiлiктi (радиожиiлiк арналарын) iрiктеу бойынша жұмыстарды жүргiзуiн техникалық сүйемелдеу; 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 7) телерадио хабарларын таратуды техникалық сүйемелдеу саласындағы уәкiлеттi органның теле-, радиоарналарды халықтың қабылдауының сапасына бақылау жүргiзуі кезiнде жұмыстарды техникалық қамтамасыз ету; 8) телерадио хабарларын тарату саласындағы заңнаманы сақтау бойынша бақылау жасауды техникалық қамтамасыз ету.
10-бап. Теле-, радиобағдарламалардың тілі 1. Отандық теле-, радиоарналардың теле-, радиобағдарламалары қазақ тілінде және басқа тілдерде таратылады. 2. Қазақ тіліндегі теле-, радиобағдарламалардың апта сайынғы көлемі уақыты жағынан басқа тілдердегі теле-, радиобағдарламалардың жиынтық көлемiнен кем болмауға тиiс. Қазақ тіліндегі теле-, радио бағдарламалардың жергілікті уақыт бойынша нөл сағаттан бастап есептелетін, әрқайсысының ұзақтығы алты сағаттық уақыт аралығындағы көлемі басқа тілдердегі теле-, радиобағдарламалардың жиынтық көлемiнен кем болмауға тиiс. Телеарналарда тарату кезінде субтитр түріндегі телебағдарламалар мен фильмдердің аудармасы қазақ тіліндегі телебағдарламалардың жалпы көлеміне есептелмейді. 3. Дыбыстық сүйемелдеудің көпарналы берілуін пайдаланатын телеарналар негізгі дыбыстық сүйемелдеуді қазақ тілінде пайдалануға тиіс. 4. Осы баптың талаптары осы Заңның 19-бабына сәйкес есепке қою рәсімінен өткен шетелдік теле-, радиоарналарға қолданылмайды. 5. Отандық теле-, радиоарналардың шетелдік аудиторияға трансляциясы қазақ тілінде және басқа тілдерде жүзеге асырылады.
11-бап. Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссия 1. Телерадио хабарларын тарату саласындағы қоғамдық мүдделерді ескеру және қорғау, сондай-ақ халықтың теле-, радиоарналарға қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан консультативтік-кеңесші орган - Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссия құрылады. Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссияның қызметі оның құзыретіне кіретін мәселелерді талқылау және шешу кезінде айқындылық пен ашықтық негізінде жүзеге асырылады. Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссияның ұсынымдары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын барлық шешімдер мен қорытындылар ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға тиіс. 2. Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссияның негізгі функциялары: 1) телерадио хабарларын тарату саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөнінде ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу; 2) көпарналы хабар таратуда еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурсқа қатысуға үміткерлердің өтінімдерін қарау және жеңімпаздарды айқындау жөнінде ұсынымдар әзірлеу; 3) көпарналы хабар таратуда міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурсқа қатысуға үміткерлердің өтінімдерін қарау және жеңімпаздарды айқындау жөнінде ұсынымдар әзірлеу; 4) телерадио хабарларын тарату мақсаты үшін жиіліктердің белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлу жөніндегі конкурсқа қатысуға үміткерлердің өтінімдерін қарау мен олардың техникалық және қаржылық ұсыныстарын ескере отырып, жеңімпаздарды айқындау жөнінде ұсынымдар әзірлеу; 5) ұлттық операторды тыңдау қорытындылары бойынша ұсынымдар тұжырымдау болып табылады. 3. Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссия қабылдаған ұсынымдар мен ұсыныстар тиісті шешім қабылдау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметіне жіберіледі. 4. Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережені және оның құрамын уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. 5. Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссияның жұмыс органы комиссия жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді іске асыратын уәкілетті орган болып табылады.
12-бап. Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру 1. Жеке тұлғалардың ақпаратқа, сөз бостандығына, пікірлерді білдіру мен пікірлердің әралуандығын дамыту құқықтарын қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының біртұтас ақпараттық кеңістігін сақтау және қамтамасыз ету, республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуы саласындағы мемлекеттік саясатты жария ету, елдің мәдени мұрасын сақтау және дамыту мақсаттарында міндетті теле-, радиоарналардың мәдени, ғылыми-білім беру, танымдық-ағарту және басқа да әлеуметтік маңызы бар ақпараттың жиынтығын құрайтын және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылуға міндетті тізбесі қалыптастырылады. 2. Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесі көпарналы хабар таратуда таралуына қарай Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен, конкурстық негізде қалыптастырылады. 3. Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру жөніндегі конкурсты өткізу туралы шешімді уәкілетті орган қабылдайды. Аталған шешім ресми бұқаралық ақпарат құралдарында және уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланады. 4. Теле-, радио компаниялардың конкурсқа қатысу өтінімдерін қарауды және міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру жөнінде ұсыныстар тұжырымдауды Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссия жүзеге асырады. 5. Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссияның ұсынымдары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін бекітеді. 6. Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру үш жылда бір рет жүзеге асырылады.
13-бап. Еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру 1. Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесі: 1) осы Заңның 42-бабының 4-тармағына сәйкес цифрлық эфирлік телерадио хабарларын тарату телеарна топтамаларына енгізілген теле-, радиоарналардан; |