“Қазақстан Реепубликасы Үкіметінiң 2002 жылғы 11 қыркүйектегi № 993 және 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы”
Осы редакция 2014 жылғы 23 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсін: 1) "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 11 қыркүйектегi № 993 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 29, 327-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi туралы ережеде: 11-тармақтың 32) тармақшасы алынып тасталсын; 2) "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 42, 538-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі туралы ережеде: 10-тармақта: 1) тармақшаның төртінші абзацында "ұсыныстар дайындау" деген сөздерден кейiн ", нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын әзiрлеу және дайындау (немесе қабылдау)" деген сөздермен толықтырылсын; 2) тармақша мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік сыйлығын, әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Мемлекеттік сыйлықты, көрнектi әдебиет және өнер қайраткерлерiне Мемлекеттік стипендияны беру жөніндегі комиссиялардың жұмысын ұйымдастыру;"; көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгінiң Ақпарат және мұрағат комитетi туралы ережеде: 10-тармақтың 1) тармақшасында: жиырма бiрiншi абзацта ", көрнектi әдебиет және өнер қайраткерлерiне Қазақстан Республикасының тұңғыш Президентінің Мемлекеттік сыйлығын, әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Мемлекеттік сыйлықты, Мемлекеттік стипендияларды беру жөніндегі" деген сөздер алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасы Үкiметінің web-сайтын ақпараттық қамтамасыз ету;"; 2) тармақшаның жетiншi абзацында "берудi жүзеге асыру" деген сөздер "беру" деген сөзбен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзіледi.
|