|
|
|
2014 жылға арналған республикалық бюджеттің көрсеткіштерін түзету және «2014 - 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 1329 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 111-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 6 тамыздағы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару жүйесінің реформасы туралы» № 875 және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» № 883, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы» 2014 жылғы 25 тамыздағы № 898 жарлықтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес 2014 жылға арналған республикалық бюджеттің көрсеткіштерін түзету жүзеге асырылсын. 2. «2014 - 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 1329 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: 2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер, Төтенше жағдайлар және Қорғаныс министрліктерінің басым республикалық бюджеттік инвестицияларының тізбесі (қызмет бабында пайдалану үшін);»; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. 2014 жылға арналған республикалық бюджетте Жұмыспен қамту 2020 жол картасының шеңберінде іс-шараларды іске асыруға көзделген қаражаттан 75840287 мың теңге мөлшеріндегі сома: 1) мынадай іс-шараларды қаржыландыру үшін 19981869 мың теңге сомасында облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттерді аудару үшін: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне кадрларды кәсіптік даярлауға 8662640 мың теңге; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |