Қарағанды облысының әкімдігінің 2015 жылғы 22 қыркүйектегі № 55/01 Қаулысымен күші жойылды Қарағанды облысы әкімдігінің 2014 жылғы 9 қыркүйектегі № 46/02 қаулысымен бекітілді
«Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. «Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) «Көмірсутек шикізатын қоспағанда, жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 ақпандағы № 154 қаулысымен бекітілген «Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) негізінде облыстық жергілікті атқарушы органымен (бұдан әрі - көрсетілетін кызметті беруші) арқылы көрсетіледі. Құжаттар қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерiн беру: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; 2) халыққа қызмет көрсету орталығы (бұдан әрi - ХҚКО) арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету түрі - қағаз. 3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - Стандарттың 1 қосымшасына сәйкес формада жер қойнауын пайдалану құқығына кепіл шартын тіркеу туралы куәлік (бұдан әрі - куәлік).
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) қызмет тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімінің (әрекет) басталуына жеке және заңды тұлғалардың (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге Стандарттың 9 тармағында көрсетілген құжаттарды және өтінішті ұсынуы негіз болады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|