Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы
Осы редакция 2014 жылғы 19 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлерi арасында өкiлеттiктердiң аражігін ажырату және бюджеттік қатынастар мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 20 желтоқсандағы Заңына және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрі жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 29 қыркүйектегі № 1449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1) ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2) «Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында: көрсетілген қаулыға қосымшада: «Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігіне» деген бөлiмдегi реттiк нөмiрлерi 230, 236-2, 236-5, 236-7, 236-10, 236-11, 236-15, 237-1, 237-1a 237-17-жолдар алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы бөлiмдермен толықтырылсын: «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Өнеркәсiп және ғылыми-техникалық дамыту комитетiне 283 АЛА - 002060 «Иналмасалтын» ААҚ 284 КО - 002456 «Қазмырыш» АҚ 285 «Қазақжарылысөнеркәсібі» ЖАҚ 286 «Қазқараметавтоматика» АҚ 287 «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы (Kazakhstan Engineering)»ААҚ 288 «Авиаөнеркәсiп» ЖАҚ 289 «Қазақстандық келісім-шарт агенттiгi» АҚ 290 «Қазақстантрактор» ААҚ 291 «Ұлттық инновациялық қор» АҚ Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Инвестиция комитетiне 292 «Қазақстан инвестицияларға жәрдемдесу орталығы» ЖАҚ»; 3) «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң кейбір мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 47, 586-құжат): 6-тармақтың 10) тармақшасы «iстерi» деген сөзден кейін», инвестициялар» деген сөзбен толықтырылсын; көрсетiлген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі туралы ережеде: 11-тармақта: 8) тармақша мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Қазақстан Республикасында дамытылатын басым жоғары технологиялық өндiрiстердiң тiзбесiн бекіту;"; көрсетілген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде: »Акционерлік қоғамдар» деген бөлiмнің реттік нөмірлері 4, 6, 7-жолдары алынып тасталсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Өнеркәсiп және ғылыми-техникалық дамыту комитетi туралы ережеде: 11-тармақта: 15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «15) тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi сатып алуға қатысты қазақстандық қамту бөлiгiнде жер қойнауын пайдаланушылардың келісім-шарттық мiндеттемелердi орындауы мониторингін жүзеге асыруға қатысу;"; мынадай мазмұндағы 15-1), 15-2) тармақшалармен толықтырылсын: «15-1) қазақстандық өнім өндірушілер мен Қазақстанда шығарылатын, мемлекеттік және (немесе) халықаралық стандарттарға сәйкес келетiн және мiндеттi түрде конкурстық негізде сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердiң мемлекеттік тiзiлiмiн қалыптастыру және жүргiзу; 15-2) мемлекеттік және (немесе) халықаралық стандарттарға сәйкес келетiн тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi өндiретiн салада тiркелген ұйымдар жөніндегі деректердiң тiркелiмiн қалыптастыру жөніндегі облыстық атқарушы органдардың қызметiн әдiстемелiк басқаруды жүзеге асыру;"; мынадай мазмұндағы 27), 28), 29) және 30) тармақшалармен толықтырылсын: «27) сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға (өтiнiм берушiлерге) сыртқы экономикалық мәмiлелердi жүзеге асыруға рұқсаттар беру; 28) ұйымдарға экспорттық бақылаудың фирмаiшiлiк жүйелерiн құруға жәрдемдесу және оларға қажеттi ақпараттық-әдiстемелiк қолдау көрсету; 29) экспорттық бақылауға жататын тауарлар мен өнiмдердiң бақылау тiзiмдерiн, тiзбелерiн әзiрлеу; 30) Қазақстан Республикасындағы экспорттық бақылау жүйесiн жетiлдiру;"; 12-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) нормативтiк құқықтық кесімдердi әзiрлеуге қатысу және өз құзыретiнiң шеңберiнде басып шығару;"; көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгінің Сауда және туристiк қызметті реттеу комитеті туралы ережеде: 11-тармақта: 20) тармақшадағы «туризм саласында кадрлар даярлауға, қайта даярлауға және олардың бiліктілiгін арттыруға» деген сөздер алынып тасталсын; 24) және 26) тармақшалар алынып тасталсын; көрсетілген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Бәсекелестiктi қорғау комитеті туралы ережеде: 11-тармақтың 8) тармақшасы «iстердi» деген сөзден кейін», сондай-ақ шекаралары бір облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) шегiнен асатын белгілi бір тауар рыноктарындағы теріс пиғылды бәсекелестiк туралы iстердi» деген сөздермен толықтырылсын; 12-тармақта: 4) тармақша «заңнаманы» деген сөзден кейін «және терiс пиғылды бәсекелестіктiң жолын кесу саласындағы заңнаманы» деген сөздермен толықтырылсын; 7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «7) үлесi тиiстi тауар рыногында отыз бес пайыздан асатын не тиiстi тауар рыногында басым (монополиялық) жағдайға ие мемлекеттік органдарға, олардың лауазымды тұлғаларына, рынок субъектiлерiне, олардың басшыларына орындау үшін мiндеттi нұсқамалар бeруге;"; 13) тармақша «Қазақстан Республикасының» деген сөздерден кейiн «терiс пиғылды бәсекелестiктiң жолын кесу және» деген сөздермен толықтырылсын; 17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «17) нормативтік құқықтық кесiмдердi әзiрлеуге қатысу және өз құзыретiнiң шегiнде басып шығару;"; 18) тармақшадағы «құқылы» деген сөзден кейiн»;»белгiсі қойылып, мынадай мазмұндағы 19), 20) тармақшалармен толықтырылсын: «19) негiзгi кәсiпорынның органымен еншілес кәсiпорын құруға ұсынымын жоғары тұрған мемлекеттік басқару келiсуге; 20) облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органнан қажеттi ақпарат сұрауға және оны ұсыну мерзiмiн белгiлеуге құқылы.»; көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi комитетi туралы ережеде: 10-тармақтың 7) тармақшасы алынып тасталсын; 11-тармақта: 1) тармақшадағы «мемлекеттік және салалық» деген сөздер алынып тасталсын; 9) тармақшадағы «республикалық маңызы бар қалалардың, жүз мыңнан астам халқы бар облыстық маңызы бар қалалардың» деген сөздер «республикалық маңызы бар қаланың, астананың» деген сөздермен ауыстырылсын; 11) тармақша алынып тасталсын; 12) тармақшадағы «облыстық және қалалық (астаналық) маңызы бар» деген сөздер «жергiлiктi» деген сөзбен ауыстырылсын; 12-тармақта: 2) тармақша алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын: «8) қала құрылысы мен сәулет құрылысы тәртібінің сақталуын, Қазақстан Республикасының аумағындағы мынадай объектiлер бойынша: стратегиялық; маңызды халықтық-шаруашылық мәні бар трансшекаралық; «бiрегей»; бiрыңғай конструкторлық шешiмi бар объектілер бойынша құрылыстың сапасын қадағалау саласындағы қызметтi үйлестiру.»; 19-тармақ алынып тасталсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Техникалық реттеу және метрология комитетi туралы ережеде: 11-тармақ мынадай мазмұндағы 19-1) тармақшамен толықтырылсын: «19-1) техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдермен белгіленген талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүргiзу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және үйлестiру;"; 12-тармақта: 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «3) нормативтік құқықтық кесiмдердi әзiрлеуге қатысуға және өз құзыретiнiң шегiнде басып шығаруға;"; 15) тармақшадағы «құқығы бap.»деген сөздерден кейін»;»белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын: «16) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен аккредиттеу аттестатын беруге, оның қолданысын тоқтатуға»; көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Инвестиция комитетi туралы ережеде: 12-тармақ мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын: «11) нормативтік құқықтық кесiмдердi әзiрлеуге қатысу және өз құзыретiнiң шегінде басып шығару.»; көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Өнеркәсiп және ғылыми-техникалық дамыту комитетінің құрылымы: мынадай мазмұндағы бесіншi абзацпен толықтырылсын: «Iшкi әкiмшілiк ету бөлiмi»; көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi комитетінің құрылымында: екiншi абзацтағы «инспекциялау және лицензиялау» деген сөздер «және инспекциялау» деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi комитетi аумақтық бөлiмшелерiнiң тiзбесiнде: реттік нөмiрлерi 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15 және 16-жолдардағы», инспекциялау және лицензиялау» деген сөздер «және инспекциялау» деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Өнеркәсiп және ғылыми-техникалық дамыту комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тізбесiнде: «Акционерлік қоғамдар» деген бөлiмде: реттік нөмірлері 2, 4-жолдар алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы реттік нөмiрлерi 9, 10, 11-жолдармен толықтырылсын: «9. «Қазақстандық келісім-шарт агенттiгi» жабық акционерлік қоғамы, Астана қаласы. 10. «Ұлттық инновациялық қор» акционерлік қоғамы, Алматы қаласы. 11. «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы (Kazakhstan Engineering)»акционерлік қоғамы, Астана қаласы.»; «Мемлекеттік мекеме» деген бөлiмде: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Мемлекеттік мекемелер»; мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 2-жолмен толықтырылсын: «2. «Ақпараттық технологиялар паркi» арнайы экономикалық аймағының дирекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесi, Алматы қаласы.»; көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнен кейiн осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Инвестиция комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiмен толықтырылсын. 2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын: 1) «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 12 қыркүйектегi № 996 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 30, 330-құжат), 1-тармақтың 3) тармақшасын және 3-тармақты қоспағанда; 2) «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң кейбір мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 18 қарашадағы № 1220 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 41, 414-құжат). 3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Yкіметінiң 2005 жылғы 24 тамыздағы № 871 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Инвестиция комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi
Акционерлік қоғамдар
1. «Қазақстан инвестицияларға жәрдемдесу орталығы» жабық акционерлік қоғамы, Алматы қаласы.
|