Қазақстан Республикасының патент заңы (2012.10.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2014 жылғы 29 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Түпнұсқада мазмұны жоқ
2007.02.03. № 237-III ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) айрықша құқық - өнеркәсіптік меншік объектісін өз қалауы бойынша кез келген әдіспен пайдалануға патент иеленушінің мүліктік құқығы; 2) бюллетень - өнеркәсіптік меншік объектілерін қорғау мәселелері жөніндегі ресми мерзімдік басылым; 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды 2-1) еуразиялық өтінім - 1994 жылғы 9 қыркүйектегі Еуразиялық патент конвенциясына сәйкес берілген өтінім; 3) зияткерлік меншік объектілері - зияткерлік қызмет нәтижелері және азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді дараландыру құралдары; 4) қорғау құжаттары - осы Заңға сәйкес берілген өнертабыстарға инновациялық патенттер мен патенттер, өнеркәсіптік үлгілер мен пайдалы модельдерге патенттер; 5) қызметтік өнертабыс - қызметкердің өз қызметтік міндеттерін немесе жұмыс берушінің нақты тапсырмасын орындау кезінде жасаған өнеркәсіптік меншік объектілері; 6) лицензиялық шарт - патент иеленуші (лицензиар) басқа тарапқа (лицензиатқа) өнеркәсіптік меншік объектісін белгілі бір түрде уақытша пайдалану құқығын беру шарты; 7) өнеркәсіптік меншік объектілері - өнертабыстар, пайдалы модельдер және өнеркәсіптік үлгілер; 8) Париж конвенциясы - кейінгі өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге 1883 жылғы 20 наурыздағы өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париж конвенциясы; 9) патент иеленуші - қорғау құжатының иесі; 10) патентке қабілеттілік шарттары - өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтық қорғауды берудің осы Заңда көзделген шарттары; 11) патенттелген өнеркәсіптік меншік объектілері - қорғау құжаттары берілген өнеркәсіптік меншік объектілері; 12) патенттік сенім білдірілген өкілдер - жеке және заңды тұлғалардың уәкілетті орган мен сараптама жасау ұйымы алдындағы өкілдігіне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқық берілген Қазақстан Республикасының азаматтары; 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 13) тармақшамен толықтырылды 13) халықаралық өтінім - 1970 жылғы 19 маусымдағы Патенттік кооперация туралы шартқа сәйкес берілген өтінім.
2-бап. Патент заңы реттейтiн қатынастар 1. Осы Заңмен өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн жасауға, құқықтық қорғау мен пайдалануға байланысты мүлiктiк, сондай-ақ оларға байланысты жеке мүлiктiк емес қатынастар реттеледi. 2. Интеллектуалдық меншiктiң өзге объектiлерiн (селекциялық жетiстiктер, интегралдық микротәсiм топологиялары, тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары, тауар шығарылатын жерлердiң атаулары және басқалар) қорғау өзге заң актілерімен реттеледi. 3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы 09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 1. Осы Заңның ережелерi қорғау құжаттарын уәкiлеттi орган берген өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық шарттар негiзiнде патенттер берiлген өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiне қолданылады. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. 09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 4-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 4-бап өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-бап. Өнертабыстарды, пайдалы модельдердi және өнеркәсiптiк үлгiлердi қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган 1. Өнертабыстарды, пайдалы модельдердi және өнеркәсiптiк үлгiлердi қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган (бұдан әрi уәкiлеттi орган) - Қазақстан Республикасының Үкіметi айқындайтын және өнертабыстарды, пайдалы модельдердi, өнеркәсiптiк үлгілердi қopғay саласындағы мемлекеттік реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттік орган. 2. Уәкiлеттi органның құзыретiне: 1) өнертабыстарды, пайдалы модельдердi және өнеркәсiптiк үлгiлердi құқықтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыруға қатысу; 2) өнертабыстарға, пайдалы модельдерге және өнеркәсiптiк үлгiлерге қорғау құжаттарын беру; 3) өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдаланушы жеке және заңды тұлғалардың қызметiне бақылау; 4) хаттамаларды жазу және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарау, әкiмшiлiк жазалар қолдану; 5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 4-1-баппен толықтырылды; 2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен 4-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 4-1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 4-1-бап. Өнертабыстарды, пайдалы модельдердi, өнеркәсiптiк үлгiлердi қорғау саласындағы мемлекеттiк монополия 1. Белгіленген мерзімнен кейін конвенциялық басымдықты сұрата отырып өтінімдер қабылдауды; халықаралық өтінімді ұлттық фазаға ауыстыруды; формальды сараптама жүргізуді; формуланың әрбір тәуелсіз тармағына мәні бойынша біреуден артық қосымша сараптама жүргізуді; сараптаманың сауалына жауаптарды және төлемақыларды ұсынудың мерзімдерін ұзартуды және қалпына келтіруді; өнертабысқа немесе пайдалы модельге өтінімді қайта өзгертуді; өтінімді өтініш берушінің қатысуымен қарауды; өтінім құжаттарының қазақ тіліне немесе орыс тіліне аудармасының ұсынылу мерзімін ұзартуды, сұратылатын құжаттарды ұсыну мерзімдерін әрбір айға белгіленген мерзімі аяқталған күннен бастап он екі айға дейін ұзартуды, өтініш берушінің аударманы ұсыну бойынша өткізіп алған мерзімін қалпына келтіруді; өтінім материалдарына, қорғау құжатына, өнертабыстардың, пайдалы модельдердiң, өнеркәсiптiк үлгiлердiң мемлекеттiк тiзiлiмiне өзгерістер енгізуді; бір үлгідегі өзгерістер енгізуді; халықаралық және еуразиялық өтінімдерді өңдеуді, тексеруді және салып жіберуді; өнертабыстың, пайдалы модельдің және өнеркәсіптік үлгінің патентке қабілеттілігін бағалау мақсатында техника деңгейін айқындау үшін ақпараттық іздестіру жүргізуді; автордың куәлігін, қосымшаларды және олардың телнұсқаларын беруді; қорғау құжатының қолданылу мерзімін күшінде ұстап тұруды, ұзартуды, қалпына келтіруді және қорғау құжатын күшінде ұстап тұру, ұзарту немесе қалпына келтіру туралы мәліметтерді жариялауды; бір және бір топ өнеркәсіптік меншік объектісіне қатысты кешенді кәсіпкерлік лицензия беру туралы шарттың сараптамасын тіркеуге өтінім қабылдауды; шарттарды тіркеу туралы мәліметтерді жариялауды; қосымша келісімдерге сараптама жүргізуді; ашық лицензия беруге өтінім қабылдауды; өнертабыстардың, пайдалы модельдердiң, өнеркәсiптiк үлгiлердiң мемлекеттiк тiзiлiмiнен үзінді көшірмелер ұсынуды; патенттік құжаттаманы (нөмірленген немесе атауы жазылған) іздестіруді; баспа және электрондық басылымдарды өткізуді және жариялауды; техника объектілері мен технологияларды патенттік тазалығы тұрғысынан зерттеуді; техника деңгейінің даму үрдістерін зерттеуді және талдауды; ғылыми зерттеулерді патенттік-құқықтық талдауды, кепіл шартына сараптама жүргізуді қоса алғанда, өнертабыстарға, пайдалы модельдер мен өнеркәсіптік үлгілерге өтінімдер қабылдау және өтінімдерге сараптама жүргізу, қорғау құжатын беруге құжаттар дайындау, қорғау құжатын беру туралы мәліметтерді жариялау, қорғау құжатын күшінде ұстап тұру жөніндегі функцияларды жүзеге асыру, қорғау құжаттарын басқаға беру және оларды алуға құқықты басқаға беру туралы шарттарға, лицензиялық (қосалқы лицензиялық) шарттарға сараптама жүргiзу, Өнертабыстардың, пайдалы модельдердiң, өнеркәсiптiк үлгiлердiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады және оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған сараптама ұйымы жүзеге асырады. 2. Сараптама ұйымының қызметімен технологиялық байланысты қызметке: 1) өтінімнің (басым құжаттың) көшірмелерін, өтінім материалдарының көшірмелерін, қарсы қойылған құжаттардың көшірмелерін дайындау, қорғау құжаттары жөнінде анықтамалар, статистикалық мәліметтер ұсыну; 2) төлемдерді қайта есепке алу және растау жатады. 3. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
5-бап. Өнеркәсіптік меншік объектілерін құқықтық қорғау 2007.02.03. № 237-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 1. Өнертабысқа құқық инновациялық патентпен немесе патентпен, ал пайдалы модель мен өнеркәсіптік үлгіге - патентпен қорғалады. 2007.02.03. № 237-III ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 2. Өнертабысқа инновациялық патент өнертабысқа инновациялық патент беруге өтінімге сараптама жүргізілгеннен кейін беріледі. Пайдалы модельге патент пайдалы модельге патент беруге өтінімге жүргізілген сараптаманың нәтижесі бойынша беріледі. Өнертабысқа және өнеркәсіптік үлгіге патент өтінімге ресми сараптама және мәні бойынша сараптама жүргізілгеннен кейін беріледі. Инновациялық патент пен патент өнеркәсіптік меншік объектісіне басымдықты, авторлықты және ерекше құқықты куәландырады. Инновациялық патент өтінім берушіге дүниежүзілік жаңалыққа және өнертабыстық деңгейге қатысты тәуекелімен және жауапкершілігімен беріледі. 09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.02.03. № 237-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді 3. Өнертабысқа инновациялық патент өтiнiм келiп түскен күннен бастап үш жыл бойы күшiн сақтайды, патент иеленушiсiнiң өтiнiшi бойынша оның қолданылу мерзiмi ұзартылуы мүмкiн, бiрақ ол екі жылдан аспауы керек. Өнертабысқа патент өтiнiм берiлген күннен бастап жиырма жыл бойы күшiн сақтайды. Заңдарға сәйкес пайдаланылуы үшiн құзыретті органның рұқсаты талап етiлетiн өнертабыс патентiнiң қолданылу мерзiмi патент иеленушiнiң өтiнiшi бойынша ұзартылуы мүмкiн, бiрақ ол бес жылдан аспауы керек. Пайдалы модельге патент өтінiм берiлген күннен бастап бес жыл бойы күшiн сақтайды, патент иеленушiнiң өтiнiшi бойынша оның қолданылу мерзiмi ұзартылуы мүмкiн, бiрақ ол үш жылдан аспауы керек. Өнеркәсiптiк үлгiге патент өтiнiм берiлген күннен бастап он бес жыл бойы күшiн сақтайды, патент иеленушiнiң өтiнiшi бойынша оның қолданылу мерзiмi ұзартылуы мүмкiн, бiрақ ол бес жылдан аспауы керек. Инновациялық патенттің және өнертабысқа патенттiң, пайдалы модель мен өнеркәсiптiк үлгiге патенттiң қолданылу мерзiмiн ұзарту тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi. 09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.02.03. № 237-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 4-тармақ өзгертілді 4. Өнертабыс пен пайдалы модельге қорғау құжатымен берiлетiн құқық қорғау көлемi олардың формуласымен, ал өнеркәсіптік үлгіге патентпен берiлетiн құқық қорғау көлемi бұйымның (макеттiң) кескiндерiнде ұсынылған және өнеркәсiптiк үлгiнiң елеулi белгiлерiнiң тiзбесiнде келтiрiлген оның елеулi белгiлерiнiң жиынтығымен анықталады. Өнертабыс формуласына, пайдалы модельге түсiнiк беру үшiн сипаттамалар мен сызбалар пайдаланылуы мүмкiн. Өнiмдер алу әдiсiне берiлген қорғау құжатының күшi тiкелей осы әдiспен алынған өнiмге де қолданылады. Егер өзгеше дәлелденбесе, бұл орайда жаңа өнiм қорғау әдiсiмен алынған болып есептеледi. 5. Қорғау құжатын алу құқығы, өтiнiмдi тiркеуден туындайтын құқықтар, қорғау құжатын иелену құқығы және қорғау құжатынан туындайтын құқықтар тұтас немесе iшiнара басқа адамға берiлуi мүмкiн. 2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 6. Осы Заңға сәйкес мемлекет құпия деп таныған өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiне құқықтық қорғау берiлмейдi. Өнеркәсiптiк меншiктiң құпия объектiлерiн пайдалану тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды. 2-тарау. Өнеркәсіптік меншік объектілерінің патентке қабілеттілігінің талаптары
6-бап. Өнертабыстың патентке қабiлеттілігiнiң талаптары 2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Егер жаңа, өнертабыстық деңгейге жеткен әрi өнеркәсiпте қолдануға жарамды болса, өнертабысқа құқықтық қорғау берiлудi. Егер ол техника деңгейi туралы мәлiметтерде белгiсiз болса, өнертабыс жаңа болып табылады. Егер маман үшiн ол техника деңгейi туралы мәлiметтерден айқын кездеспейтiн болса, өнертабыс өнертабыстық деңгейде болады. Техника деңгейi туралы мәлiметтер өнертабыс басымдық алған күнге дейiн дүние жүзiнде жалпы жұртқа мәлiм болған кез келген мәлiметтердi қамтиды. Өнертабыстың жаңалығын анықтаған кезде техникалық деңгейi туралы мәлiметтерге бұрынырақтағы басымдықтары болған жағдайларда өнертабыстар мен пайдалы модельдерге (қайтып алынғандардан басқасы) Қазақстан Республикасында берiлген өтiнiмдер және Қазақстан Республикасында патенттелген өнертабыстар мен пайдалы модельдер кiредi. Егер өнеркәсiпте, ауыл шаруашылығында, денсаулық сақтауда және қызметтiң басқа да салаларында пайдалануға болса, өнертабыс өнеркәсiпте қолдануға жарамды деп табылады. 2007.02.03. № 237-III ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 2. Өнімге (құрылғыға, затқа, микроорганизмнің штаммына, өсімдіктер немесе хайуанаттар клеткаларының көбеюіне), әдіске (материалдық объектімен іс-әрекетті материалдық құралдардың көмегімен жүзеге асыру процесіне), сондай-ақ белгілі өнімді немесе әдісті жаңа мақсатта немесе жаңа өнімді белгілі бір мақсатта қолдануға жататын кез келген саладағы техникалық шешімдер өнертабыс ретінде қорғалады. 1) жаңалықтар, ғылыми теориялар және математикалық әдiстер; 2) шаруашылықты ұйымдастыру және басқару әдiстерi; 3) шартты белгiлер, кестелер, ережелер; 2007.02.03. № 237-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 4) ақыл-ой операцияларын орындау, ойындарды жүргізу ережелерi мен әдiстерi; 5) есептегiш машиналарға арналған бағдарламалар мен алгоритмдердiң өзi; 6) ғимараттар, үйлер, аумақтар жоспарларының жобалары мен тәсiлдерi; 7) бұйымдардың тек сыртқы түрiне қатысты ұсыныстар; 2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен 8) тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 8) қоғамдық тәртіпке, iзгiлiк пен мораль қағидаттарына қайшы келетiн ұсыныстар өнертабыстар деп танылмайды. 4. Париж конвенциясына қатысушы мемлекет аумағында ұйымдастырылған, ресми немесе ресми деп танылған халықаралық көрмеде өнертабыстың экспонат ретiнде көрсетiлуiн қоса алғанда, өнертабысқа қатысты ақпаратты арыз берушiнiң (автордың) немесе одан бұл ақпаратты тікелей немесе жанама түрде алған кез келген адамның көпшiлiкке жария етуi, өнертабысқа өтiнiм ол ашылған немесе көрмеге қойылған күннен бастап алты айдан кешiктiрмей берiлген болса өнертабыстың патентке қабiлеттілігiне әсер ететiн мән-жай деп танылмайды. Бұл орайда осы фактiнi дәлелдеу мiндетi арыз берушiге жүктеледi. 7-бап. Пайдалы модельдiң патентке қабiлеттілік талаптары 1. Өндiрiс құрал-жабдықтары мен тұтыну заттарын, сондай-ақ олардың құрамдас бөлiктерiн (құрылғысын) конструкциялық орындау пайдалы модельдерге жатады. Егер жаңа және өнеркәсiпте қолдануға болса, пайдалы модельге құқықтық қорғау берiледi. Егер елеулi белгiлерiнiң жиынтығы техника деңгейi туралы мәлiметтерден белгiсiз болса, пайдалы модель жаңа болып табылады. Техника деңгейi туралы мәлiметтер пайдалы модельге басымдық берiлген күнге дейiн жұртқа мәлiм болған, арыз берiлiп отырған пайдалы модель мақсаттас құралдар туралы дүние жүзiнде жарияланған мәлiметтердi, олардың Қазақстан Республикасында қолданылуы, сондай-ақ олардың неғұрлым бұрынырақта басымдығы болған жағдайларда Қазақстан Республикасына басқа адамдардың пайдалы модельдерге және өнертабыстарға (қайтарып алынғаннан басқа) берген өтiнiмдерi және Қазақстан Республикасында патенттелген пайдалы модельдер мен осы бағыттағы өнертабыстар туралы мәлiметтердi қамтиды. Егер iс жүзiнде пайдалануға жарайтын болса, пайдалы модель өнеркәсiпте қолдануға жарамды болып табылады. 2. Париж конвенциясына қатысушы мемлекет аумағында ұйымдастырылған, ресми немесе ресми деп танылған халықаралық көрмеде пайдалы модельдiң экспонат ретiнде көрсетiлуiн қоса алғанда, пайдалы модельге қатысты ақпаратты арыз берушiнiң (автордың) немесе одан бұл ақпаратты тiкелей немесе жанама түрде алған кез келген адамның көпшiлiкке жария етуi пайдалы модельге өтiнiм ақпарат жария болған күннен бастап алты айдан кешiктiрмей берiлген болса пайдалы модельдiң жаңалығына әсер ететiн мән-жай деп танылмайды. Бұл орайда осы фактінi дәлелдеу мiндетi арыз берушiге жүктеледi. 3. Осы Заңның 6-бабының 3-тармағында аталған объектiлерге қатысты шешiмдер пайдалы модельдер ретiнде қорғалмайды. 8-бап. Өнеркәсiптiк үлгiнiң патентке қабiлеттілiк талаптары 2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Бұйымның сыртқы түрiн айқындайтын көркемдiк-конструкторлық шешiм өнеркәсiптiк үлгiге жатады. Егер өнеркәсiптiк үлгi жаңа, бiрегей болса, оған құқықтық қорғау берiледi. 1) бұйымдардың тек қана техникалық мiндеттерiне негiзделсе; 2) сәулет объектiлерiнiң (шағын сәулет нысандарын қоспағанда), өнеркәсiптiк, гидротехникалық және басқа да тұрақты ғимараттардың; 3) 2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 4) сұйық, газ түріндегі, сусыма немесе сол сияқты заттардан тұратын тұрақсыз нысандағы объектілердiң; 5) қоғамдық мүдделерге, адамгершiлiк пен мораль принциптерiне қайшы келетiн бұйымдардың шешiмдерi өнеркәсiптiк үлгiлер болып танылмайды. Париж конвенциясына қатысушы мемлекеттер аумағында ұйымдастырылған, ресми немесе ресми деп танылған халықаралық көрмеде өнеркәсiптiк үлгiнiң экспонат ретiнде көрсетiлуiн қоса алғанда, өнеркәсiптiк үлгiге қатысты ақпаратты арыз берушiнiң (автордың) немесе осы ақпаратты алған кез келген адамның көпшiлiкке жария етуi өнеркәсiптiк үлгiге өтiнiм ол ашылған немесе көрмеге қойылған күннен бастап алты айдан кешiктiрмей берiлген болса, өнеркәсiптiк үлгiнiң патентке қабiлеттілігiне әсер ететiн мән-жай деп танылмайды. Бұл орайда осы фактiнi дәлелдеу мiндетi арыз берушiге жүктеледi. 3-тарау. Авторлар мен патент иеленушілер 9-бап. Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiнiң авторы 1. Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн шығармашылық еңбегiмен жасаған жеке адам оның авторы деп танылады. 2. Егер өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн жасауға бiрнеше жеке адам қатысса, олардың бәрi оның авторы (қосалқы авторы) болып есептеледi. Қосалқы авторлардың тиесiлi құқықтарды пайдалану тәртібі олардың арасындағы келісіммен белгiленедi. Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн жасауға өзінің шығармашылық үлесін қоспаған, авторға тек техникалық, ұйымдық немесе материалдық көмек көрсеткен, не оған құқықты ресiмдеуге және оны пайдалануға ғана жәрдемдескен жеке адам автор деп танылмайды. 3. Авторлық құқық айыруға болмайтын жеке құқық болып табылады және мерзiмсiз қорғалады. 4. Егер Қазақстан Республикасында қорғалатын тауар таңбаларына үшiншi адамның құқықтары бұзылмаса, автордың өнеркәсiптiк меншiк объектiсiне өз атын немесе арнаулы атау беруге құқығы бар. 2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды 5. Неғұрлым маңызды және кең пайдаланылатын өнертабыстардың авторлары «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы» атағын беруге ұсынылуы мүмкін. «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы» атағын беру қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
2009.10.07. № 179-IV ҚР Заңымен 10-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 10-бап. Патент иеленуші 1. Қорғау құжаты: 1) өнеркәсіптік меншік объектісінің авторына (авторларына); 2) осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларда жұмыс берушіге; 3) олардың құқықтық мирасқорына (құқықтық мирасқорларына), оның ішінде беру тәртібімен тиісті құқықты алған адамға (адамдарға); 4) бір-бірімен келісімдері болған жағдайда осы тармақта көзделген адамдарға бірге беріледі. 2. Егер жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, қызметтік өнертабысқа қорғау құжаттарының құқықтары жұмыс берушіге тиесілі болады. 3. Егер жұмыс беруші мен автор арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, автордың өзінің қызметтік міндеттерін орындауға немесе жұмыс берушіден алған нақты тапсырмаға байланысты емес, бірақ жұмыс берушінің ақпаратын, сондай-ақ материалдық, техникалық және өзге де құралдарын пайдалана отырып жасаған өнертабысына қорғау құжатын алу құқығы авторға тиесілі болады. Егер қызметтік өнертабыс құрамына осы жұмыс берушінің қызметкері болып табылмайтын адам кіретін бірнеше адамның бірлескен шығармашылық еңбегімен жасалса, осы адамның көрсетілген қызметтік өнертабысқа қатысты құқықтары оның аталған жұмыс берушімен және басқа да авторлармен жасасатын шартында анықталады. Егер қызметтік өнертабыстарды шарт негізінде бірнеше жұмыс берушінің жұмысты бірлесіп орындауы нәтижесінде авторлар жасаса, жұмыс берушілердің көрсетілген өнертабысқа құқықтары олардың арасындағы шартпен анықталады. 4. Қызметтік өнертабыс жасалған жағдайда, автор қызметтік өнертабысты жасау фактісі анықталған күннен бастап бір ай ішінде жұмыс берушіні жазбаша түрде хабардар етеді. Хабарламаға автор (авторлар) қол қоюға және онда: 1) автордың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және атқаратын қызметі көрсетілуге; 2) қызметтік өнертабыстың атауы; 3) оның жасалу жағдайы мен орны, болжалды қолданылу саласы; 4) жұмыс берушінің қызметіндегі өнертабыстың мәнін ашуға, санатын айқындауға және жарамдылығын бағалауға жеткілікті толық жасалған сипаттамасы қамтылуға тиіс. Жұмыс беруші автор берген қызметтік өнертабысты жасағандығы туралы хабарламаны оны берген күннен бастап қабылдауға және тіркеуге міндетті, бұл жөнінде авторларға жазбаша түрде хабарланады. Егер сипаттама және өтінімді ресімдеуге қажетті өзге де мәліметтер толық болмаса, онда жұмыс берушінің қызметкерден қызметтік өнертабыс туралы қосымша материалдарды сұратуға құқығы бар, ол қосымша материалдарды сауал алған күннен бастап бір ай ішінде ұсынады. Мұндай жағдайда осы баптың 7-тармағында көрсетілген мерзімінің өту барысы тоқтатыла тұрады және сұратылған мәліметтер алынғаннан бастап қайта қалпына келтіріледі. 5. Егер қызметкер қорғау құжатын алуға құқылы жұмыс берушіні қызметтік өнертабыстың жасалғандығы туралы хабардар етпесе, онда осы баптың 7-тармағында көрсетілген мерзім жұмыс берушіге оның жасалғаны туралы белгілі болған күннен басталады. Егер қызметтік өнертабыстың жасалу фактісін жұмыс беруші анықтаса, онда ол қызметтік өнертабыс авторына бұл туралы жазбаша түрде хабарлауға міндетті. Бұл ретте, егер қызметтік өнертабысқа қорғау құжатын алу құқығы жұмыс берушіге тиесілі болса, ол авторға тиісті өтінімді ресімдеудің басталғандығы туралы хабарлауға міндетті, ал автор жұмыс берушінің талабы бойынша жазбаша түрде қызметтік өнертабысқа өтінімді ресімдеу үшін қажетті қосымша ақпаратты және қызметтік өнертабыстың барлық авторларының тізімін беруге міндетті. |