Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сақтандыру қызметі мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы
Осы редакция 2014 жылғы 16 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Сақтандыру нарығында актуарийлiк қызметтi жүзеге асыру, актуарийлік қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қолданылуын тоқтату және одан айыру, актуарийлердің біліктілік емтиханын тапсыру, тәуелсіз актуарийдi тарту, тәуелсіз актуарийдiң актуарлық есептердің шынайылығын тексеру нәтижесін қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға беру тәртібі туралы ережені бекіту туралы» 2001 жылғы 20 сәуірдегі № 120 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1532 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Сақтандыру нарығында актуарийлiк қызметтi жүзеге асыру, актуарийлік қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия беру, актуарийдің біліктілік емтиханын тапсыру, актуарийдiң қызметін тексеру үшін тәуелсіз актуарийдi тарту, тәуелсіз актуарийдiң сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарий жүргізген есептердің шынайылығын тексеру нәтижелерін жіберу қағидаларын бекіту туралы»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған Сақтандыру нарығында актуарийлiк қызметтi жүзеге асыру, актуарийлік қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия беру, актуарийдің біліктілік емтиханын тапсыру, актуарийдiң қызметін тексеру үшін тәуелсіз актуарийдi тарту, тәуелсіз актуарийдiң сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарий жүргізген есептердің шынайылығын тексеру нәтижелерін жіберу қағидалары бекітілсін.»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|