Осы редакция 2014 жылғы 11 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 тамыздағы № 381 Жарлығымен бекітілген
Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия туралы (2012.13.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Жалпы ережелер
1. Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады және Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын (бұдан әрі - Мемлекеттік сыйлық) алуға ұсынылатын жұмыстарды қарау және іріктеу мақсатында құрылады. 2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Президенті актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерін және осы ережені басшылыққа алады. 3. Секциялардан тұратын Комиссияның құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді. Комиссияны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы басқарады. ҚР Президентінің 2011.28.12. № 211 Жарлығымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Президентінің 2012.13.03. № 284 Жарлығымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 4. Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі болып табылады.
2. Комиссия қызметінің тәртібі және оны ұйымдастыру
5. Комиссияның төрағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы ережеге сәйкес оның жұмысын ұйымдастырады және Комиссия мүшелерінің қызметін үйлестіруді қамтамасыз етеді. 6. Комиссияның төрағасы болмаған жағдайда оның функцияларын төрағаның орынбасары жүзеге асырады. 7. Комиссияның хатшысы жұмыс органы дайындаған құжаттар мен материалдарды Комиссияның қарауына ұсынады. 8. Комиссияның отырыстары Комиссияның төрағасы бекітетін жұмыс жоспарына сәйкес өткізіледі. Жоспардан тыс отырыстар Комиссия төрағасының шешімі бойынша қажеттілігіне қарай өткізіледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|