Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың қызметін тоқтату туралы
ҚР 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 266-V Заңымен ратификацияланды
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжікстан Республикасы, Еуразиялық экономикалық қоғамдастықты құру кезінде қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізілгенін назарға ала отырып, 2014 жылғы 29 мамырда Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойылғанын ескере отырып, мыналар туралы уағдаласты:
1. Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың (бұдан әрі - ЕурАзЭҚ, Қоғамдастық), сондай-ақ Қоғамдастық органдарының қызметі 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап тоқтатылады. 2. Осы Шарт 2015 жылғы 1 қаңтарда күшіне енген жағдайда, 2000 жылғы 10 қазандағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы шарттың қолданысы сол күннен бастап тоқтатылады, өзге жағдайда көрсетілген Шарттың қолданысы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап тоқтатыла тұрады және осы Шарт күшіне енген күннен бастап тоқтатылады.
Қоғамдастық органдарының қызметін тоқтату бойынша іс-шаралар ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңесінің шешімімен айқындалады.
1. Осы Шарт 2015 жылғы 1 қаңтарда күшіне енген жағдайда, осы Шартқа 1-қосымшада санамаланған халықаралық шарттардың қолданысы сол күннен бастап тоқтатылады, өзге жағдайда бұл шарттардың қолданысы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап тоқтатыла тұрады және осы Шарт күшіне енген күнінен бастап тоқтатылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|