Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен Беларусь Республикасының Бас прокуратурасы арасындағы ынтымақтастық туралы келісім (Минск қ., 2014 жылғы 21 шілдеде)
2014 жылғы 21 шілдеде күшіне енді
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы және Беларусь Республикасының Бас прокуратурасы теңдік, егемендікті құрметтеу қағидаттарын негізге ала отырып және жалпы мойындаған нормаларға және халықаралық құқық қағидаттарына сәйкес, өзара қызығушылық білдіретін мәселелер бойынша ынтымақтастықты жан-жақты дамытуға екіжақты талпына отырып, қызметкерлердің біліктілігін арттыру мақсатында бұдан әрі екі мемлекеттің прокуратуралары арасындағы әрекеттесуін кеңейтудің және достық қарым-қатынасты нығайтудың маңыздылығын мойындай отырып, Тараптардың қылмыстылықпен, әсіресе оның ұйымдасқан және трансұлттық нысандарымен күресудегі біріккен әрекеттеріне өзара талпынуына негізделе отырып, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың маңыздылығына аса назар аудара отырып, төмендегілер туралы келісті:
Тараптар өз мемлекеттерінің ұлттық заңнамасын және халықаралық міндеттемелерін сақтай отырып өз құзыреті шеңберінде ынтымақтастықты жүзеге асырады. Тараптар қылмыстылықпен күрес, адамның құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғау саласында практикалық нәтижелерге қол жеткізуге ұмтылатын болады.
Осы Келісімді іске асыру мақсатында Тараптар мынадай бағыттар бойынша ынтымақтастықты жүзеге асырады: адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету; қылмыстылықпен, соның ішінде терроризм, сыбайлас жемқорлық, қару-жарақтың, есірткінің және психотроптық заттардың заңсыз айналымы, заңсыз көші-қон, адам саудасы сияқты оның ұйымдасқан нысандарымен, экономика саласындағы және ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстармен, сондай-ақ қылмыстардың өзге де түрлерімен күрес; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|