Қазақстан Республикасының террористік тұрғыдан осал объектілерінің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 тамыздағы № 876 Қаулысы
Осы редакция 2014 жылғы 16 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» 1999 жылғы 13 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының террористік тұрғыдан осал объектілерінің тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | С. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 28 тамыздағы
№ 876 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының террористік тұрғыдан осал объектілерінің
тізбесі
Р/с № | Объектілердің атауы |
1 | 2 |
1. Аса маңызды мемлекеттік объектілер |
1 | Орталық атқарушы мемлекеттік органдардың, арнаулы, құқық қорғау органдарының, олардың құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың әкімшілік ғимараттары мен объектілері |
2 | Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің объектілері, оның филиалдары мен қоймалары |
2. Стратегиялық объектілер |
3 | Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi және Республикалық ұланы iшкi iстер органдарының бөлiмшелерiмен бiрлесiп күзететiн, Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн тiзбеге енгiзiлген Қазақстан Республикасының объектiлерi, сондай-ақ мемлекеттiк маңызы бар объектiлер |
4 | Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери бөлiмдерi |
5 | Мемлекеттiк материалдық резервтерi бар объектiлер (медициналық препараттарды, жанар-жағармай материалдарын сақтау қоймалары, азық-түлiк және киiм-кешек қоймалары) |
6 | Ауыр қылмыс жасауға күдікті адамдарды стационарлық сот-психиатриялық сараптамадан өткізу және зерттеу жөніндегі мемлекеттік ұйым |
7 | Ғарыш инфрақұрылымының объектілері |
8 |
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ?
400 тг